С
өз соңында
471
дың Жаратушыдан өздерін қауіп-қатерден, сәтсіздіктерден
сақтауын тілеп, жалбарынулары тегін емес.
Адам қашанда жақсылық пен жамандықтың, жарық
пен қараңғының, махаббат пен өшпенділіктің, білімділік
пен надандықтың арасындағы мәңгілік таңдаудың алдына
қойылған сияқты.
Адамның алдынан кездесетін проблемалардың бар-
лығын қиындықтарды жеңу үшін және өзінің алдына қойған
мақсаттарына жетудің тиімді жолдарын табу үшін пайда бо-
латын сияқты көрінеді. Әрбір қас-қағымда адамдұрыс таңдау
жасаса және сол арқылы өзімен-өзі үйлесімділікке жетсе,
нағыз бақыт деген сол болар.
Егер де жастар гуманизмді, білімді, жауапкершілікті,
әділдікті таңдап алса және өзімшіл болмаса, онда олармен
бірге табыс та ілесіп жүреді.
Мен әрбір кеш сайын өзіме өзім «Бүгінгі күнді дұрыс
өткіздім бе?» деген сұрақ қоямын да, соған жауап беруге
тырысамын. Мен үшін, Президент үшін, бұл сұрақ: «Менің
отандастарымның өмірін жақсарту үшін барлығын істей алып
отырмын ба?» дегенді білдіреді. Бұл менің ұстанымымның
негізі.
Мен сіздерге Отанды сүюді және оған қамқорлық жасау-
ды тілеймін. Елімізді сақтасақ, бір-бірімізге қол ұшын берсек,
бәріміз бірге болсақ, міне, сонда ғана біз кез келген сынақтар
мен кедергілерден сүрінбей өтеміз және оларды абыроймен
жеңіп шығамыз.