ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
468
іс-әрекеттері қашанда табиғаттың белгілі бір қайталанбалы
кезеңіне және қоғамдық өзара қатынастың принциптеріне
сәйкес келетін.
Қазіргі ахуалда бұл машықтар бізге қалай көмектесе алар
еді? Мысалға жылжымалы байланыс пен сымсыз Интернетті
алып қарайық. Бұл технологиялар адамды белгілі бір жерге
байлап қоймайды, қайта қозғалуына кең еркіндік береді.
Ұлтаралық корпорациялар көптеген бағыттар бойынша 10-
нан 100-ге дейін адамнан тұратын жылжымалы топтарға
сүйенеді. Олар әртүрлі континенттерге орналасқанжәне нақты
бір іс пайда болғанда ғана сол іске жұмылдырылады. Бүкіл
дүние жүзінде, білім беру саласына «бүкіл өмір бойы білім
алу» тұжырымдамасы енгізілуде. Бұл үздіксіз білім алуға және
жеке қабілетті үнемі жаңартып тұруға негізделген.
Өзіндік ортада туған, бәсекеге қабілетті тұлға, алдымен,
өз халқыныңмәдениеті мен тілін білуі керек. Білімберу жүйесі
арқылы сіңірілетін, туған тілдің мәдени бастауларымен руха-
ни дәстүрлерін сақтау, жас ұрпақтың бойында жаһанданудың
барлығын жұтатын, бірыңғайлайтын және кіріктендіретін
үрдістеріне қарсы тұра алатындайиммунитеттіңқалыптасуына
көмектеседі.
Сонымен бірге, «ұлттық багаж» жас қазақстандықтардың
дүниежүзілік жалпы білім беру кеңістігіне қосылуына
кедергі болмауы және олардың бәсекеге қабілеттіліктерін
төмендетпеуге тиіс.
Әрбір қазақстандықта өзінің қадір-қасиетін білу сезімі
болуға тиіс, өзінің жасаған істеріне және өзінің өміріне өзі
жауапты болуы керек.
Қалыптасқан ахуалды талдауға, сын көзімен бағалауға,
жауапкершілікті шешім қабылдауға және ақпараттармен,
оның ішінде қазіргі компьютерлік құралдарды пайдалана
отырып, өнерпаздық негізде жұмыс істеуге үйрену қажет.
Бүгіндері күн тәртібіне, елімізде іске асырылып отырған
жаңарулардың мазмұнына сәйкес, қазақстандық жаңа