Page 468 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

С
өз соңында
467
«білім алу баға үшін емес, білімді болу үшін» деген принципті
ұстанатын, ерекше корпоративті рухы бар және білімге
табынушылық қалыптасқан орта университеттің бөлінбес
бөлшегі болуы керек.
Сонымен бірге, сіздердің назарларыңызды, осы қабыл-
данып жатқаншаралармен қатар, оқытушылардың өздерінің
біліктіліктеріне және дайындық деңгейлеріне талаптың ерек-
ше жоғары болуы керектігіне аударғым келеді. Білім берудің
сапасы көп жағдайда оқытушыға – оның біліміне, қабілетіне,
машықтарына, педагогикалық шеберлігіне және рухани
ізгілік позициясына байланысты. Біз әңгіме етіп отырған
мамандардың жаңа буындарын қалыптастыруға, оларды,
былайша айтқанда, «қолдан баптап» өсіруге кім тікелей
жауапкершілікті сезінсе, оқытушы – сол.
Б
ілім
беру және
ұлттық
сәйкестік
Бәсекеге қабілетті ұлт туралы айтқанда ұмытылмайтын
бір тиіс нәрсе – бәсекеге қабілеттілік; Бұл – ең алдымен өзің-
нің барлық артықшылықтарыңды пайдалана білу деген сөз,
бірақ оларды өзіміздің кім екендігімізді ұғынғаннан кейін
барып ғана анықтауға болады.
Біз – ғасырлар бойы әлемдік өркениеттердің тоғысқан
жерінде өмір сүрген әулеттердің ұрпақтарымыз. Ұлы Дала
қашан да әртүрлі мәдениеттер, тілдер, әскерлер, діндер,
тауарлар және идеялар тоғысқан қиылыста тұрды. Мыңдаған
жылдар бойы Дала халықтардың генераторы болды. Ал ХХI
ғасырда ол ерекше сападағы адамның генераторына, жаңа
идеялардың генераторына айналуытиіс. Біздің табиғатымызға
біткен далалық ойлау машықтары, ғаламдық трендттер –
икемділік пенжүйелілікті барынша толық бейнелеп көрсетеді.
Көшпелілер қашанда икемделгішболғанжәне, бір қарағанда,
ешбір ақылға сыймайтын бір қасиеттері, олардың барлық