Page 467 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
466
Білім шекараны білмейді. Сондықтан да біздің универ-
ситеттер жаһандық бәсекенің тынысын айқын сезінулері ке-
рек. Мектептің дарынды жастарына, мысалы, Халықаралық
олимпиадалардың жеңімпаздарына, дүние жүзінің ең бір
беделді университеттерінің есіктері ашық. Біздің жас физик-
тер, математиктер, химиктерМассачусетс технология инсти-
тутында, Гарвардта, Оксфордта тегін оқиды. Университеттер
стипендиялар мен гранттар ұсынып, перспективасы жоғары
ғалымдар үшін күреседі.
Осы мақсатпен 1993 жылы, ең бір қиын кезеңде, Қазақ-
станның тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында, бюджет
саласының қызметкерлерінежалақыға төлеуге қаржыболмай
жатқан кезде, мемлекет сондай-ақ мамандарды дайын-
дау бойынша бағытты саясатты ойластырды, халықаралық
«Болашақ» стипендиясын тағайындады. Бұндай стипендиялар
Жапонияда, Сингапурда және Оңтүстік Кореяда қолданылды.
Бірақ кейін келе, бұл елдер өздерінің бәсекеге қабілетті
жоғарғы білім жүйесін құрды.
Жоғарғы білім берудің осы тәрізді қазақстандық моделін,
ерекше өзіндік академиялық ортасын қалыптастыру үшін
Астана қаласында халықаралық деңгейдегі беделді универ-
ситет құру қажет.
Бүгінгі күні Астана қаласында халықаралық деңгейдегі
жаңа университетті құру тұжырымдамасыбекітілді. Бұл сапасы
бөлек жаңа институттары және орталықтары бар, ең бір осы
заманғы әлемдік талаптарға жауап беретін жоғарғы оқу орны
болмақ. Университетте білім беру, инновациялар, зерттеулер
кәсіпкерлік үйлесімділікпен сыйысулары керек.
Университет Қазақстанның интеллектуальдық, ғылыми-
техникалық элитасының қалыптасуына; экономиканың
кластерлі саласының талаптарына қарай көзделген білімді,
талдамаларды және технологияларды қалыптастыруға,
оларды трансферттеуге жағдай жасауы керек. Студенттері