Page 466 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

С
өз соңында
465
Бүгінде Қазақстан жаңа бір секірістің, өзінің дамуындағы
жаңа кезеңнің табалдырығында тұр. Біз үшінжаңа уақыт – бұл
ең бастысы Қазақстанға өз дамуының қарқынын сақтауға
мүмкіндік беретін, осындай жаңа адамдардың және жаңа
міндеттердің уақыты. Қазақстанның Еуразия аймағында
көшбасшылығын сақтауы үшін, алдымызға асқақ міндеттер
қоя алатындай және өзгелерге қарағанда әлдеқайда көп
істер атқаруға тиіс батылдық керек. Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі үшін дәл осындай
міндеттер қойылады.
Бірінші тарауда мен бәсекеге қабілетті ұлт туралы айт-
қанмын. Ал бәсекеге жеке тұлғаның қабілетті болуы деген
нені білдіреді? Жеке тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі – бұл
үнемі құбылып отыратын бүгінгі мен белгісіз ертеңгіге дайын
болуға көмектесетін, өмірлік машықтардың шоғырлануы.
Бұл – белгісіз ертеңгінің емеурінін өз пайдаңа қолдана
білу қабілеті. Басқаша айтқанда, жас қазақстандықтар
бүгін, жаһанданған әлемде, тек қана лайықты өмір сүруге
көмектесетін ғана емес, сонымен бірге бүгінгі күннің өмір
шындықтарына белсенді ықпал ете алатындай,оларды
жақсыжағына қарай өзгертетін машықтар мен біліктілікке ие
болулары керек. Бізге бағдарламаның шеңберінде қалып
қойғандар емес, еркін жол таба білетіндер керек.
Уақыт жылдам, ол өзінің жаңа тәртіптерін ұсынады және
ешкімді де күтіп тұрмайды. Қазақстанның алдыңғы қатарлы
елдерден қалып қоюына мүлде хақысы жоқ. Қазақстанға
жаңа түрдегі таңдаулы оқу орындары күні бүгін қажет. Бұлар
индустриямен тығыз байланыстағы, қуатты білім беру, зерт-
теу және ғылыми-өндірістік кешендер болуы керек. Менің
тікелей араласуыммен ҚМЭБИ (КИМЭП), Гумилев атындағы
Еуразия университеті және Қазақстан-британ университеттері
құрылды. Бұл университеттер – білім берудің қазақстандық
жүйесін әлемдік деңгейге шығарудың сіз бен біз жасаған
алғашқы талпынысы.