ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
464
жерде жеке тұлғаның қоғаммен арадағы қатынастарының,
үлкендер мен құрдастарына деген құрметтің, заңды және
құқықтық тәртіпті сыйлаудың негіздері қаланады. Оқушы
мемлекеттің міндетін түсінуге, оның әлеуметтік институт-
тар арқылы өзінің жеке басына қатысты жоспарларын іске
асыруға қолдау жасайтынын ұғынуға үйренеді.
Мектеп өмірдің алғашқы сабақтарын береді. Қоғамда
өмір сүруге, оның тәртіптеріне бағынуға үйрете отырып, мек-
теп сонымен бірге әрбір баланың жеке ерекшеліктерін басып
тастамауы керек. Өзінің жеке пікірі жоқ оқушы өзінің пози-
циясын дәлелді түрде қорғай алмайды, оның ойлау қабілеті
болмайды және ол жаңа идеяларды туғыза алмайды. Ондай
адам дұрыс шешімдер қабылдауға, жаңа инновациялар
жасауға қабілетсіз. Мектептің осындай түлегі, ақиқатты өз
бетімен түсінудің орнына, қашанда басқа біреудің ой-пікіріне
сүйенуге дайын тұрады. Осыдан құтылу үшін, мұғалімнің
оқушыға деген қамқорлық қатынасын өзгерту қажет. Бұған
қатысты: «Мұғалімжауаптарын бермейді, ол сұрақтар қояды.
Мұғалім Білімнің жолымен жетектеп жүрмейді. Ол тек оны
көрсетеді» деген бір тамаша айтылған сөз бар.
Б
ілім
беру және
бәсекеге
қабілетті
экономика
Интеллектуалдық әлеуетті біздің ел қаншалықты пай-
далана алады – халықтың өмір деңгейінің жағдайы және
Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуі соған байланысты
болмақ.
Ақпаратты қоғам дәуірінде білімге және сауаттылыққа
байланысты ұғымдар терең өзгерістерге ұшырады. Ақпарат-
ты берудің, қабылдап алудың, өңдеуден өткізудің және
сақтаудың жаңа әдістері мен құралдары толассыз пайда
болуда. Осындай жағдайда өткен ХХ ғасырдың білім беру
жүйесі тиімсіз және нәтижелі қызмет жасап, біздің қоғамның
талаптарына жауап беруге қабілетсіз.