С
өз соңында
463
Б
ілім
беру және жеке
тұлға
Қазір, біз құқықтық, демократиялық қоғам және тиімді
нарықтық экономика құруға талаптанып жатқан кезде,
проблемалар пайда болады. Бұл проблемалардың тууы,
адамдардың өмірлік құндылықтарға қатынастарының
өзгеруіне, күнделікті кездесіп отырған және осы өзгерістер
үрдісінде алда да кездесуі мүмкін экономикалық және саяси
қиындықтарға байланысты. Мұндай жағдайда білім беру
жүйесіне бірінші кезектегі әлеуметтік талаптармен бірге жаңа
рухани-өнегелі талаптар да қойылады.
Азаматтықжәне экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде
қазақстандықтар қоғам мен экономикадағы болып жатқан
өзгерістерге жылдам бейімделуге мүмкіндік беретін, жан-
жақты білім алулары; білімдерін әрі қарай жалғастыруға
мүмкіндік беретін тыңғылықты базалық білімдер мен
дағдыларды алулары; ақпараттарды сараптап соның
негізінде таңдау жасап, шешім қабылдауға қабілетті болу-
лары; азаматтық тәртіптің жалпы қабылданған нормаларын
құрметтейтін, әртүрлі проблемалар мен ахуалдарға байла-
нысты басқаша көзқарастарды бірдей қабылдайтын болу-
лары тиіс.
Білім алу үрдісі барысында біздің жас ұрпақ проблема-
ларды өз беттерімен дербес шешуге үйренулері; жаңа
ақпараттар мен жаңаша білім алу машықтарын меңгерулері;
сын көзімен кең өрісті ойлаулары: ынталылық пен тапқырлық
көрсетулері керек. Қайелдіңхалқыоқуменбілімніңарқасында
алған ақпараттарды, білімді және технологияларды өмірде
тиімді қолдана білсе, толыққанды болашақ сол елге тиісті.
Мектеп – жеке тұлғаның қалыптасатын жері. Ол жет-
кіншектің тек қана одан арғы оқуына негіз болатын базалық
білім мен машықтарды ғана беріп қоймайды, сонымен бірге
өмірлік тәжірибенің де алғашқы тәжірибесін береді. Дәл осы