Page 463 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
462
аналарының оқыған мектептеріне көмектесу деген жоқтың
қасы, ілуде біреу ғана. Елімізде 8 мыңға жуық мектептер бар,
осылардың әрбір төртіншісі күрделі жөндеуді қажет етеді. Біз
12 жылдық білім беру жүйесіне өтуді, бағдарлы мектеп-
тер, ресурстық орталықтар құруды, кәсіптік мектептер мен
лицейлердің желісін кеңейтуді жоспарлауға кіріскен кезде
бұл мәселе ерекше өзекті бола түседі.
Бизнес бір немесе екі мектепті өз қамқорлығына неге
алмайды? Бизнес кітапханаларды, оқу-өндірістік цехтарды
жөндеуден өткізуге немесе спорт жабдықтарын сатып алуға
неге көмектеспейді? Батыста жаңа ғимаратты салуға ақша
бөлген меценаттың аты дәрісханаларға, залдарға, кейде
тіпті сол ғимараттардың өзіне беріледі. Осындай өнегелі
тәжірибені енгізсе, бізге кімбөгет болады? Сонымен бірге, осы
сияқты оқу орындарына байланыстымеценаттықтың әлемдік
тәжірибеде жоғарғы оқу орындарына да қатысы бар.
Осы үрдістің негізінде біздің жоғарғы оқу орындары
таяу арадағы болашақта дүниежүзілік стандарт деңгейінде,
өздерінің дипломдары дүниежүзінің барлық елдерінде
танылатындай білім берудің керек екендігін ұмытпаулары
керек. Мен 10-15 жылдан кейін Қазақстан университеттерін
бітірушілердің де әлемдегі жетекші университеттерді біті-
рушілер сияқты бағаланатынына сенгім келеді. Иә, бүгінде
осындай объективті мүмкіндік біз үшін әлі арман. Сондықтан,
осыған жету үшін, бүгіннен бастап дүниежүзілік деңгейдегі
ұлттық таңдаулы университеттер құруды бастау керек.
Білім беру жүйесі еліміздің адамдық, ақпараттық,
материал­дық, қаржылық ресурстарының барлығын тиімді
пайдалануды қамтамасыз етуі, ал мемлекет – халықтың
барлық әлеуметтік топтарына білім беру жолының ашық
болуына кепілдік беруі және білім беруді басымдылықпен
қолдауы тиіс.