Ж
АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ
453
жайлар салынды. Ал қаланыңшетіненбастап орталыққа келер
жеріне дейін жағалауды көріктендіру деген жоқтың қасы еді.
Қаланың нақ ортасында өзенді қамыс басып тұратын.
Астананың ауысуымен мұндағы жағдай мүлде өзгерді.
Өзеннің арнасы мен екі жағалауы танымастай болып
өзгертілді, ал оның жағалаулары қалалықтардың ең сүйікті
орнына айналды. Қазір Есілдің жағасына қарап тұрып, таяз-
дап қалған өзеннің суын толтыруға, сондай-ақ су табаны
астына бүкіл қаланың тіршілігін қамтамасыз етуші жүйені
өткізуге және табиғи апаттың алдын алуға қандай ғаламат
еңбек сіңірілгенін ойламасқа болмайды. Бүгінде Есілдегі
судың деңгейі бірқалыпты қажетті тереңдікше қолдан рет-
теліп отырады. Егер де қазір алдында тосқауыл тоғандары
болмаса, өзенді жаяу кешіп-ақ өте беруге болар еді. Есілдің
арнасымен ағатын суды бір ғана арықтың өзі-ақ жұтып қояр
еді. Ал қазір Есіл өзені Ертіс каналымен және Нұра өзенімен
жалғастырылды. Қажеттілікке қарай мұнда су жеткілікті
мөлшерде толтырылып тұрады.
Астанада Есілден басқа тағы екі су көзі – Ақбұлақ және
Сарыбұлақ өзендері бар. Ақбұлақ өзінің мөлшері жағынан
біршама шағын, алайда атағы баршаға әйгілі: онда Еуразия
Ұлттық университетінің бас оқу ғимараты алдында еспелі
қайықтар каналы, гүл сағаттар, көпірлер мен жағалаулар,
жаңа кең, мол жағажай орналасқан. Сарыбұлақ өзені
теміржолдан әрегірек, қала магистральдарынан шалғайлау
жерден өтеді. Дегенмен қала өсе келе оның суы да астананың
жалпы архитектуралық ансамблінде өз қызметін атқаратын
болады.
Қысқасы, Астананың архитектуралық бейнесі туралы
өте көп айтуға болады. Ал енді ғана жоспарланып жатқан
жұмыстарға келсек, одан да көбірек сөз етуге болар еді.
Біздің астанамыз – қайталанбас астана. Біздің қиялымыздың
ұшқырлығы, ойымыздың өткірлігі мен шеберлеріміздің