ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
452
әлемнің басқа жерінде жоқ. Әрине, өз шатырының астына
түрлі діни дәстүрлерді жинаушы ғимараттар бар, бірақ та
қазақстандық ғимараттың олардан айырмашылығы сол,
оның түбегейлі мәміле үшін үлкен бір алаңға айналуы болды.
Жалпы түрлі әлемдік дәстүрлі діндердің өкілдері қайда бас
қосып, әңгімеге жиналатын болса, сонда Мәдениет мұра-
жайы, кітапхана, концерттік залдың ашылатыны әбден
қисынды. Біздің пирамида – Қазақстанның діни кеңпейілдігі
мен жеңіске жігерленген еркінің архитектуралық болмысы.
Жаңа астана өзіне өткеннің бай мұрасы мен осы заман-
ғы ең үздік жетістіктерді үйлестіре білді. Оның көптеген
нысандары қазірдің өзінде бүкіл елімізге және одан тыс
жерлерге мәлім болып отыр. Билеп тұрған фонтандар,
Бейбітшілік пен келісім пирамидасы, Астана океанариу-
мы – өз «ғажайыптарымен» өнердің небір кәнігі білгіштері
мен тәжірибелі саяхатшыларды да таң қалдыруда. Біздің
астана бүкіл еліміздің рухын бейнелейді – бұл оның әрбір
бұрышында, көшесінде көрініс береді. XIX ғасырдағы
қазақтың қолөнер бұйымдарының орасан зор макеттері,
яғни «хайтек» стилімен және түркілердің мезгілді анықтауы
жөніндегі ежелгі принциптерімен үйлесім тауып, әртүрлі
дәуір монеталары сусып төгілген құман, күн сағаттарының
мұнарасы – мұның бәрі қазақстандық мәдениеттің тек өзіне
ғана тән түрлі үлгілері болды. Жас астанамызды көз жетерлік
болашақта жер бетіндегі өте әсем қаланың атақ-даңқы күтіп
тұр деп мен үміттенемін және соған сенемін.
Астана құрылысының алғашқы басталған уақытын ой
елегінен өткізе келіп, мен әрдайым адам ретінде, Астана
үшін өте көп нәрсені істеген және маған қолдау көрсеткен өз
серіктестерімнің бірі ретінде – Есілдің жайын ерекше жылы
сезіммен еске аламын. Кеңес Одағы кезінде Есіл шағын ғана
өзен еді, оған өз арнасындағы суын сақтаса болды дегеннен
басқа көңіл бөлінбеді. Екі жақ жағалауына жыпырлаған сая-