ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
454
іскерлігі қаншаға жетеді, оның бірегейлігі де соншалықты
болады.
Қазір енді осы керемет жобаны жүзеге асырудың алдын
ала жасалған кейбір қорытындыларын ғана шығаруға бола-
ды. Осы жылдар ішінде Астананың дамуын барлық қаржы
көздерінен инвестициялау көлемі 5 млрд АҚШ долларынан
астам болды.
Егер де есептей бастасақ, құрылысшылардың таза пай-
дасы орта есеппен өзіндік құнның 10%-ынан асқан жоқ,
ал қалған қаржылар құрылыс материалдары өндірісіне,
еңбекақы төлеуге және салық пен бюджетке жұмсалды.
Мұнда жүздеген құрылыс, монтаждау компаниялары, құры-
лыс индустриясының ондаған зауыттары еліміздің түкпір-
түкпірінен келіп жұмыс істеді. Біздің ондаған мың азаматта-
рымыз жұмыспен қамтылды.
Астана қазірдің өзінде әлемдік көлемде танылды. 1999
жылдың шілдесінде қала ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы»
сыйлығымен марапатталды, ал 2003 жылы дүниежүзілік
жетекші рейтингісі бар «Moodys Investors Service» агенттігінің
қолдауымен қаланың несиелік рейтингі бірден екі деңгейге –
Ва 3-тен (тұрақты) Ва 1-ге (тиімді) дейін өсірілді.
Менің тікелей өтінішім бойынша жаңа астананың қорына
гранттар бөлген достас елдердің үкіметтеріне, шетелдік және
отандық компаниялардың басшыларына аса разымын.
Мұндай қаржыдан мен 400 миллион дерлік АҚШ долларын
тарттым. Біз осындай баға жеткісіз көмегі үшін «Аджип»
(Италия) компаниясына, Сауд Арабиясымемлекетіне, Кувейт
қорына, Абу-Даби қорына, Оманмемлекетіне, «ТенгизШевр-
Ойл», «Қазмұнайгаз», Еуразия тобы, «ССС» компаниялары-
на, «ИспатКармет», «Қазақмыс», «Қазцинк» акционерлік
қоғамдарына және басқаларға алғыс айтамын.
Мен бір тарауда біздің жаңа астананы жасаудың барлық
жайын толықтай ашып айта алмаймын, оның үстіне, жоғарыда