Ж
АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ
451
немесе Нью-Йорктегі Бостандық статуясы секілді нысан.
Бұл монументтік құрылыс бір өзінде философиялық, саяси
және тарихи ойды тұтас біріктіріп жинақтаған.
Ежелгі поэзиялық аңыз былай дейді: Көктөбенің басында,
алып көк теңіздің жағалауында өмір ағашы – Бәйтерек өседі
екен. Жыл сайын Бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп,
киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады екен.
Бірақ жыл сайын айдаһар-жылан сол күнді жеп қояды екен.
Осы оқиға жылма-жыл қайталап тұрады екен. Бұл көрініс
күн мен түннің, қыс пен жаздың ауысуын, қайырымдылық
пен зұлымдықтың, жарық пен қара түнектің күресін астарлы
түрде бейнелейтін болса керек. Аңыз бойынша Ер Төстік
жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман
алып қалады, ал осыған разы болған құс оның жер асты
патшалығынаншығуына көмектеседі. Киелі ағаш туралы аңыз
– бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған жаңарған
Қазақстан мақсатының көрінісі.
2003 жылдың қыркүйегіндегі әлемдік және дәстүрлі
діндер басшыларының бірінші Съезінің соңғы кезеңінде
биіктігі 97 метрлік «Бәйтерек» монументінің көру алаңында
діндер мен конфессиялар басшыларының ағаштан жасалған
тарихи полотноға қол қою салтанатыболды, онда қазақ, орыс
және ағылшын тілдерінде: «Әрдайым Қазақстан бейбітшілік
пен келісім жері болсын» деген сөздер ойып жазылған.
Әлем діндерінің басшылары жер жүзінің барлық адамда-
рына бейбітшілік, қайырымдылық және келісім мұраттарын
таратушы мемлекеттің астанасы ретінде Қазақстанның жаңа
астанасына осындай бата берді.
2006 жылдың қыркүйегінде екінші съезд өткізілді. Бұл
да өте маңызды, қазіргідей әлемдегі соғыстар, апаттар
мен сілкіністер аясында Астанадағы Бейбітшілік пен келісім
сарайы діндер кездесетін жерге айналды. Ал Астанадағы
мұндай діни ғимарат – Бейбітшілік пен келісім сарайы