Page 451 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
450
индустрияның ұқсатушы тораптары еді. Ал бұл дегеніңіз –
тағы да жаңа жұмыс орындары, еңбек ресурстарын тиімді
пайдалану, бүкіл еліміздің экономикалық белсенділігін арт-
тыру болып шығады.
Жұрттың бәріне бірдей түсінікті осы дәлелдерден басқа
стра­тегиялық жорадағыфакторларды да назарда ұстау керек
еді.
Орталық Азияның көлемінде, Ауғанстаннан Батыс Сібір-
дің ең қиыр солтүстік шегіне дейін, Каспийден Моңғолияға
дейін кең аумақта құлаш жая орналасқан жаңа астана осы
аймақтағы орасан зор инвестиция легі ағылған орталыққа
айналады. Тынық мұхит жағалауынан Еуропаға дейін
созылған коммуникациялық сонарлардың қиылысында
орналасқандықтан, ол болашақта ірі транзиттік тораптың
өткізгіш түйініне үмітті болады және келешек жүзжылдық-
тың көлік-коммуникациялық дабылына айқын үндестік
білдіретін болады.
Сонымен, бұдан бұрынғы «революциялық» немесе
«таптық» тұрғыдан күштеп жүзеге асырылған астана-
сын ауыспақтарында Қазақстанның ешқандай мүддесі
ескерілмеген. Біздің тұңғыш рет өз тарихымызда ұлттық
мүддемізден келіп туындаған астананың бұл жолғы ауысты-
рылуыжәне оның құрылысы туралышешім қабылдауымызда
үлкен саяси және салт-саналық мән бар еді.
Астана құрылысының бас жоспарын жүзеге асы-
ру жаңа орталық құрылысынан басталды. Астананың
жаңа орталығында «Бәйтерек» монументі тұрғызылды.
Композицияның негізгі ұстап тұратын бөлігі алып ағаштың
діңін бейнелейді, ал композицияның жоғарғы бөлігіндегі
үлкен шар – аспан. «Астана – Бәйтерек» өзінің жалпы
мағынасында негізгі үш философиялық ұғымды: жер, өмір
және аспан ұғымдарын білдіреді. Қазақстан мен оның аста-
насы үшін «Бәйтерек», мәселен, Мәскеудегі Қызыл Алаң