Ж
АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ
449
қабылдадық. Біздің қайда, қалай өмір сүру керектігімізді
басқалар айқындаған уақыт келмеске кетті. Бәлкім, біз
өзіміздің ұлттық тарихымызда алғашрет өз балаларымыздың
болашағы үшін ешқандай қорқынышсыз бостандықтың
ауасымен дем алған болармыз. Және де XXI ғасырдың
табалдырығында өз таңдауымызды – көне даланың қасиетті
аспаны астындағы жаңа астанамызды жария еттік. Бұл
таңдаудың артында тек еліміздің қазіргі басшылығының
ғана ұстанымы тұрған жоқ еді. Бұл таңдаудың артында
Тәуке ханның көрегендігі мен Абылай ханның ұлылығы да,
әйгілі билердің даналығы да және сонау 1986 жылы ұлттық
намыстың қандай болатынын бүкіл әлемге танытқан сол бір
жас жүректердің өжеттігі де бар еді. Бұл таңдаудың артында
өз тағдырының қожасы болу құқығы үшін өмірін қиған біздің
миллиондаған қандастарымыздың ерік-жігері де болатын.
Егер де астананы ауыстыру туралы алғашқыда пікір ала
болса, кейін бір мәселеде барлығы бір ауызды болды. Ол
– Ақмола атауын өзгерту қажеттігі еді. Әртүрлі ұсыныстар
болды – Қараөткел, Есіл, Сарыарқа. Тіпті, көп атаудың ішінде
еліміздің атауымен Қазақстан деп, соның ішінде – Нұрсұлтан
деп те атасақ деген де тілектер айтылды. Содан бір күні түнде
бейне біреу аян бергендей маған: «Астана!» деген ой сап ете
қалды. Астана сөзінің мағынасының өзі де – астана. Барлық
тілде осылай айтылып, осылай түсіндіріледі.
Егер ауқымдырақ қылып айтар болсам, астананы көшіру
шараларын біз өндірістік күштердің біржақты орналастыры-
луын еңсеру, еліміздің оңтүстігіндегі тұрғындардың тығыз
қоныстануынан болған жасырын жұмыссыздықты жою
жөніндегі кең көлемді жұмыстардан бастадық. Бұл аймақта
инновациялық, ғылыми сыйымды, жоғары технологиялық
өндірістің дамытылуы, ауыл шаруашылығы машиналарын
жасаудың одан әрі кеңейтілуі өздерінің табиғи жолымен
өтеді: солардың ішіндегі әсіресе маңыздысы – ауылдық