Page 449 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
448
Әлі де «кеңестік» кезеңнен келе жатқан шет аймақты
осы заманғы астанаға айналдыру – оңай міндет емес еді.
Ескі посткеңестік мұрадан тез арада арыла қалу қиын-ақ.
Ебедейсіз үлгідегі тозығы жеткен үйлер, дамытылмаған
инфрақұрылымдар, моральдық жағынан тозып ескірген
өнеркәсіп және тағы сол сияқтылар. Жаңа қаланың құрылысы
ұлттық болмысымызды ескеріп, халықаралық тәжірибеге
негізделген, ақылға қонымды, жоспарлы түрде жүргізілуі
керек болды.
Оның үстіне, жаңа идея мен инновациялық технологияны
енгізу үшін кадр мәселесін шешу – қызметкерлерді үйрету
және қайта үйрету қажет етілді. Ақмолалықтарды, егер де
әсірелеп айтсақ, еліміздің бет-бейнесін көрсете алатындай
етіп жауапкершілікке үйрету қажеттігі туындады. Мемлекеттік
басқару органдарын қабылдау үшін олардыңжасаған орасан
зоркөлемді деқарқындыдайындықжұмыстарынаалғысымды
айта отырып, сонымен бірге олардан тек қонақжайлық пен
кеңпейілдікті ғана емес, ерекше өндірістік, интеллектуалдық,
шығармашылық мәдениетті де талап етуге тура келді. Биліктің
барлық тармақтарының органдары алғашқы күннен бастап-
ақ өздерінің жоғарғы мемлекеттік мақсатына сай қызметін
барынша ширата түсуі керек болды.
Бұдан былай кең-байтақ еліміздің орталығында халқы-
мыз үшін тағдырлық маңызы бар шешімдер қабылданады.
Мұнда енді дүрс-дүрс етіп біздің Отанымыздың жүрегі
соғып тұр. Осы арадан Қазақстан үшінші мыңжылдықтың
басындағы өзінің тарихи тағдырын айқындамақ. Таңдау
жасағанда тағыбір көзделгені – уақыт өте келе Астана Еуразия
құрлығындағы ең күшті коммуникациялық орталықтардың
бірі болмақ. XXI ғасырда Еуразия кеңістігінде дамытылған
экономикалық, технологиялық, ақпараттық тасқындар біздің
жаңа астанамыз арқылы да ағылып өтетін болады.
XX ғасырдың аумалы-төкпелі тарихында біз өз мем­
лекетіміздің астанасы туралы тұңғыш рет ерікті түрде шешім