ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
44
4. ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ,
БІЛІМІ МЕНӘЛ-АУҚАТЫ. Барлық қазақстандықтардың өмір
сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен мүмкіндіктерін
ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.
5. ЭНЕРГЕТИКА РЕСУРСТАРЫ. Қалыпты экономикалық
өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін
табыс алу мақсатында мұнай мен газ өндіруді және
экспорттауды жедел арттыру жолымен Қазақстанның
энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану.
6. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ӘСІРЕСЕ КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙ-
ЛАНЫС. Осы шешуші секторларды ұлттық қауіпсіздікті
нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге
септігін тигізетіндей етіп дамыту.
7. КЕМЕЛДІ МЕМЛЕКЕТ. Ісіне адал әрі біздің басты
мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға
қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің
ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау».
2030 жылға дейінгі Қазақстанның Даму
стратегиясынан, 1997 жыл
Енді алдымызда Стратегияны саяси тұрғыдан жария ету,
сондай-ақ оны ары қарай жүзеге асыру туралымәселе тұрды.
Стратегияны саяси тұрғыдан жария ету мәселесі мені екі түрлі
себеппен қатты толғандырды. Біріншіден, Стратегияны адам-
дар қалай қабылдайды және жалпы қабылдай ма, жоқ па,
оны ары қарай жүзеге асырудың табысы осыған байланыс-
ты болды. Ешкім сенбеген Стратегия өз мақсатын орындап
шыға алмайтын еді. Және, екіншіден, қаншама еңбек сіңірілді,
күш-жігер мен идеялар жұмсалды, жұмыс топтарының әрбір
мүшесі, мені қоса алғанда, осы құжатқа байланысты барлық
істерге тікелей терең араластық. Сірә, осының өзі-ақ Страте
гияны жария ету туралы тамаша шешімдер табуымызға кө
мектескен болуы керек.