Т
ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ
45
2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясы
мен оны жүзеге асырудың бірінші кезектегі шаралары 1997
жылы 10 қазанда еліміздің Парламентінде ресми түрде жа-
рияланды. Сол күні мен еліміздің Парламентінде Қазақстан
халқына арнаған ең алғашқыЖолдауымменшығып сөйледім.
Маған халыққа Жолдау деген идеяның өзі ұнады, оның
ел құлағына сіңісті болып кеткеніне қуанамын. Қазір жыл
сайынғыПрезиденттің Қазақстан халқынаЖолдауы дәстүрге
айналды. Онда бұл нағыз керектің өзі болды– Республиканың
барша халқына, барлық азаматтарына үн тастай отырып, біз
Стратегияның ерекше рөлі мен мәртебесін атап көрсеттік.
Стратегия ұлттық мақсат пен оған жету жолындағы
басымдықтар жүйесін айқындады. Барша тұрғындардың
экономикалық жақсы тұрмысы, әлеуметтік әділеттілік, ұлттық
бірлік өзіне тән тәуелсіз, өркендеген және саяси тұрақты
Қазақстанды құру еліміздің миссиясы болып жарияланды.
Менің сөзімде барша қазақстандықтардың тұрмыс жағдайын
жақсарту мен олардың қауіпсіздігі, өркендеуі – біздің бар
лығымыз құрғымыз келетін Қазақстанды бейнелейтін түйінді
сөздер екені айтылды.
Стратегияны жүзеге асыру тетіктеріне келсек, бұл ұзақ
мерзімді басымдықтардың әрқайсысы жылдық, үшжылдық
және бесжылдық жоспарларда белгіленетін болды, со-
лар бойынша барлық мемлекеттік органдар көрсетілген
мерзімде есеп беріп тұратын болды. Бұл ұзақ мерзімді
басымдықтар мемлекет пен барлық азаматтардың күш-
жігері тоғысқан нүктеге айналуы керек болды. Олар еліміздің
келесі жылдардағы бюджетін құру және кадр саясатын
жасақтау кезінде қолданылатын тәсілдер мен критерийлерді
айқындады.
Стратегияны тез арада жүзеге асыру мақсатында, тіпті
1998 жылы шешуіміз керек болған бірсыпыра мәселелер
айқындалды және Үкіметке сол жылға арнап сегіз нақты
тапсырма берілді.