Page 44 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Т
ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ
43
Стратегияны жасауда бізге халықаралық ұйымдар мен
донорлардың, ең алдымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму
бағдарламасының үлкен көмек көрсеткенін атап өтуіміз ке-
рек. Бізбен бірге ақыл-кеңес берушілер ретінде қырықтан
аса әйгілі халықаралық сарапшылар жұмыс істегенін айтсақ
та жеткілікті. Солардың қатарында Х. Берсток, К. Грей, В. Худ-
жонг, Г. Аллисон, Р. Блэквилл сынды және басқа адамдар
болды.
Біз бұлжұмысқа Үкімет мүшелерін кірістірмегеніміз бір­ден
көзге түсуі мүмкін. Маған сол кездегі қызмет істеген Премьер-
министрдің бұл мәселеге бас ауыртқысы келмейтіні және
материалдарды жинақтауды тежейтіні туралы баян етілді.
Стратегияны жүзеге асыру жұмысын мұндай Үкіметке қалай
сеніп тапсыруға болатын еді?! Сондықтан 1997 жылдың
күзінде мен Қажыгелдинді қызметтен босаттым да, Үкіметті
тараттым.
1997 жылғы тамызда біз Стратегияның жасалып біткен
мәтінімен тура мәреге шықтық. Бұл кезеңде төмендегідей
базалық басымдықтар жүйесі түбегейлі айқындалды:
«1. ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК. Аумақтың тұтастығын толық
сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет
ретінде дамуын қамтамасыз ету.
2. ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚПЕНҚОҒАМНЫҢ ТОПТА-
СУЫ. Қазақстанға бүгінжәне алдағыондағанжылдар ішінде
ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі
саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта
беру.
3. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ МЕН ЖИНАҚТАЛҒАН
ІШКІ ҚОРЛАРДЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ПАЙДАЛАНА ОТЫ-
РЫП, АШЫҚ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА НЕГІЗДЕЛГЕН
ЭКОНОМИКАЛЫҚӨСУ. Экономикалық өрлеудің нақтылы,
тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол
жеткізу.