Page 448 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ
447
ақиқаттармен – тәуелсіздікті нығайтып, мемлекеттігімізді
құру, әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңартулармен
байланысты еді. Астананы Ақмолаға ауыстыру, көбіне, осы
мақсаттарға жетуге ықпал ететініне,біз сенімді болдық.
Астананың өсуі мен дамуы туралы армандай жүріп,
мен уақыттың қалай тез өткенін байқамаппын. Құрылыстың
алғашқыайларынескеалғанда, өзімменпікірлесболғанадам-
даржайлыжиі ойлаймын. Өте көп адамдар еді. Солбір күндері
менімен қатар жүріп, менің шешімімді қолдаған, сондай-ақ
мен секілді жаңа астана үшін жаны ауырған адамдардың
барлығына орасан зор ризашылығымды білдіремін. Олар:
Кисё Курокава, Владимир Ни, Аманжол Бөлекбаев, Әділбек
Жақсыбеков, НиколайМакиевский, Ахметжан Есімов, Фарид
Галимов, Жәнібек Кәрібжанов және т.б.
Осы орайда астананы ауыстыру жөніндегі Мемлекеттік
комиссияның алғашқы төрағасы Николай Макиевский мен
сол кездегі іс басқарушы Владимир Нидің сіңірген еңбектерін
ерекше атап өткім келеді. Олар алғашында сағаттар бойы
су берілмейтін, үйлердегі жылу 10 градустан аспайтын, еш
жерден дұрыс тамақтана алмайтын қалаға келді. Қала түнге
қарай электр жарығынсыз, қараңғылық құшағында болды.
Келген соң істі неден бастау керектігін ойладық. Мен ешқашан
олардан күмәнді сөз естімедім. Олармаған сенді. Бірақ мен өз
көзіме өзім сенбедім. Сондықтан оларға ризамын. Сондай-ақ
жаңа астананың алғашқы әкімі Әділбек Жақсыбековтың де
еңбегін жоғары бағалаймын. Ол осы жауапты лауазымдық
қызметте бұрқ-сарқ қайнаған алғашқы ең ауыр, алты жыл
бойына еңбек етті. Ол Ақмолада туып-өскен, туған қаласын
жақсы көреді және біледі. Алайда Алматыға жаңа ғана
барғанда, ол оған көбірек ұнай бастаған еді. Сөйткен ол бүгінгі
Астана бейнесінің қалыптасуына бастамашылдық танытып,
үлкен үлес қосты. Маған оның сенімділігі, жұмысы ұнады.
Сондықтан да ол менің табанды жақтасым болып алды.