ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
446
Бұл даланың үстінде талай ондаған жылдар бойы бостандық
пен тәуелсіздік идеясы қалықтап жүрген, ол өз жеріне шексіз
берілген адамдардан күш-қуат алған. Міне, енді ол жүзеге
асты. Сан мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа салып,
уақыт керуенімен бірге тыныстаған Қазақстанның ұлан-
ғайыр даласында, енді мемлекеттік шешімдер қабылданатын
болады. Біз астананы мүлде жаңадан салдық. Оны көшіруге
байланысты болған барлық проблемаларды жүрегімізден
өткіздік. Бұл арман еді. Енді ол – тамаша қала, Қазақстанның
мақтанышы және жүрегі.
Біз жаңа астананы бекітумен бұл мәселеге нүкте қойға-
нымыз жоқ, көп нүкте қойдық. Астананың көшіп келуімен
бірге аймақтардағы өмірдің жандануын ғана күткен жоқпыз,
сонымен бірге бұл факт нарықтық өзгерістерге серпінділік
береді, еліміздің инфрақұрылымын дамытуға қызмет етеді,
қосымша жұмыс орындарын ашуға жағдай туғызады деп
күттік. Осы өзгерістердің қауырт кезінде біз сепкен дәннің
өнімі менжемісін бүгінгі ұрпақ та, болашақ ұрпақтар да бірдей
көретін болады.
Астана мәртебесін алғаннан кейін Ақмоланың өмір-
баянына алтын әріптермен жаңа бір сөздер жазыла бастады.
Жоғарыда айтқанымдай, Ақмола республика үшін, әсіресе
оның бетбұрыс жылдарында талай рет қоғамдық маңызы
зор оқиғалардың бел ортасында болған. Тың жерлерді иге-
ру жылдары да солай болды, Ақмола жері сан мыңдаған
адамдардың отанына айналып, сіңірген еңбегіне қарай атақ
пен даңққа бөледі. Мұнда, сондай-ақ, Ақмола кең-байтақ
астықты өлкенің орталығына айналған кезінде, басқарудың
бай тәжірибесі жинақталды.
Қазір де, мемлекетіміз үшін осынау түбірлі өзгерістер
уақытында, біз тағы да Ақмолаға қарап көз тіксек, ол
кездейсоқтық емес. Елімізге патриоттық құлшыныс тыңды
игерумен тамырлас ерлік керек болды. Тек бұл енді жаңа