Ж
АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ
445
болатыны, ал астананың ресми тұсаукесері 1998 жылдың
10 маусымында өткізілетіні айтылды.
Мен сондағы Парламентте шығып сөйлеген сөзімде
барлық құрылыс жұмыстарының өте қысқа мерзімде
аяқталғанын атап айттым. Ойлап қараңыздаршы: Ақмоланы
қайта жаңғырту туралы шешім 1996 жылдың қазанында
қабылданып, ақпанында жұмыстар басталып кетті, ал 1997
жылдың қазанында тек коммуникация мен электрлендіруді
жүргізу ғана қалды.
Менің ойымша, бізді қате шешім қабылдады деп жас
ұрпақтың кінәлауына ешқандай негіз жоқ. Алматы бұрын-
ғысынша еліміздің ең ірі қаласы болып қалды. Ал күшті екі
орталықтың болуы республиканың экономикалық қуатын тек
арттыра түседі. Әлемде екі астананың өмір сүруіне қатысты
мысалдар өте көп. Олар – Анкара мен Стамбұл, Мәскеу мен
Санкт-Петербург, Карачи мен Исламабад, Рио-де-Жанейро
мен Бразилиа,Мельбурнмен Камберра, Оттава мен Торонто,
Вашингтон мен Нью-Йорк. Бұл қатарда, менің ойымша, біз
алдыңғысы да, артқысы да бола қоймаспыз.
1997 жылдың 8 қарашасында Ақмолаға Қазақстанның
мемлекеттік рәміздерінің эталондары келіп жетті. Ақмола
Мемлекеттік ту мен Елтаңбаны, сондай-ақ президенттік
штандарттарды сақтаушы атанып, ерекше жағдайға ие бол-
ды. Есімде, бұл оқиға мені ерекше тебірентті. Өйткені біз таза
экономикалық және геосаяси түсіндірулер мен есептеулерге
көңіл бөлсек те, астана деген сөздің өзінде адамдар үшін
ерекше бір киелі, үлкен мәнді мағыналы ұғым болды.
Біздің ұрпақтарымыз да мұны осылайша сезінеді. Бәлкім,
ескіні ойлап, өткенді көксемейтін олар жаңа астананы
әлдеқайда терең қабылдайтын болар. Тек жаңарудың рәмізі
ретінде ғана емес. Тек жаңа дәуірдің басталған шекарасы
ретінде ғана емес. Астана – нысанды қала, біздің арман-
тілегіміздің нақты жүзеге асуының белгісіндей болған қала.