ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
444
екен» деген қаңқу сөздердің жаңа нұсқасы пайда болды.
Менің жанұямның мүшелері – зайыбым Сара, қыздарым
Дариға, Динара, Әлия әрдайым менің үйдегі мықты
қорғаным болды және олар мені шамасы келгенше қолдап
отырды. Осы үшін мен оларға өмір-бақи ризамын.
Мұндай қиынжағдайда, астананы ауыстырудыңшынайы
себептері туралы түсінікті тарылтқан жел сөздерге назар
аудармастан, Ақмоланы астана етіп қайта құру жөніндегі
идеяны іске асыруға тура келді. Ол жақтан да, бұл жақтан да
кеңесшілер аз болмады. Бірақшешімді қабылдайтын да және
оған жауап беретін де мен едім.
Кез келген саясаткер әйтеуір бір өзгерту жасағанды
армандайды, алға қойған мақсатына өзін арнайды, өзінің
беделін, тіпті болашағын бәске тігеді. Егер де ірі міндетті
шешерліктей мұндай арман болмаса, онда оған саясатпен
айналысудың керегі қанша? Егер де сен алдыңа қойған
міндетіңді шешкен болсаң, айтылған сын жайына қалады.
Егер де сен міндетіңді шеше алмасаң, онда жөніңе кете бер.
Мәселе осылай қойылған болатын.
А
стананы
ауыстыру
–
жүзеге
асқан
факт
1997жылдың7 қазанындаминистрліктердің, ведомство
лардың, сондай-ақ құрылысшылардың басшыларымен
болған кеңесте, мен тағы да Ақмоланы электрмен, сумен
және т.б. қамтамасыз етуде ешқандай іркілістің болмауы
керектігінбаса айттым. Біз осындай қысқамерзімдеАқмоланы
мемлекеттік органдардың көшіп келуіне әзірлеп үлгіретінімізге
ешкім де сенбеді, бірақ біз оны жасадық.
1997 жылдың 20 қазанында менің «Ақмола қаласын
Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы»
Жарлығым шықты. Онда 1997 жылдың 10 желтоқсанынан
бастап Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы