Ж
АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ
443
бұзады деп сақтандырған пікірлері де естіліп қалып жатты.
Сондай-ақ, егер бұл көшу ауылдан келетін қазақ мигрант-
тарын адастыратын, олардың көңілдерін Алматыдан басқа
жаққа аударуға және оңтүстіктің кедей халқының тасқынын
солтүстікке қарай бұратын аса зор алдаусырату болмаса, бұл
әрекет қазіргі саяси режимнің жойылуының басы болады
деген болжамдар да айтылды.
Мысалы, кейбіреулер, инженерлік жүйелері мен жол-
дары жоқ, қу медиен далаға барудың керегі қанша, орасан
зор қаржыны әлсіз жер қыртысын бекітуге, каналдар салуға
және мүлде жаңа қаланы тұрғызуға не үшін шашу керек, ескі
қаланың өзінде де ескісін бұзып, орнына жаңа құрылыстар
салуға болатын, шикі кірпіштен салынған, жер үйлері бар
аудандар да бар емес пе? дегенді айтып жүрді.
Тағы біреулері оларға өзінше дау айтты: Назарбаев
мырза Қазақстанның мұнай долларына есеп қыла отырып,
жедел капитал салуды іске асырғысы келеді, онысын «елдің
географиялық орталығына астананы бұлтартпай ауыстыру»
деп атап жүр деп соқты.
Үшінші біреулер астананы Алматыдан Ақмолаға ауыс-
тыруды менің жеке шешімім деп санады. Мұны олар жалпы-
халықтық референдум өткізілмеді, демек, шешім заңсыз
болды дегенмен дәлелдегісі келді. Осылай дей отыра, олар
Жоғарғы Кеңестің сессиясын, онда қабылданған шешімді
назардан тыс қалдырды.
Мұның бәрі, әрине, менің жанұямның мүшелеріне де
жетіп жатты. Олар мені бұл қадамнан бас тартуға үгіттеді.
Бірде, жексенбі күнгі әдеттегідей отбасындағы түскі ас
үстінде, олар өз күдіктерін айтты. Мен «Сара, біз сенің
туған жеріңе көшіп барамыз, Ақмола Нұра өзенінің бо-
йында тұр» – деп қалжыңдап құтылдым. Бұл қалжың қалай
тарағанын білмеймін, көп ұзамай-ақ «Назарбаев әйелінің
айтқанына көніп, астананы оның туған жеріне ауыстырады