Page 443 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
442
нальная столица Президента Назарбаева. «Коммерсантъ».
28.10.1997 год).
Мемлекеттік биліктің әрекетін толықтай түсінбеу оның
шындығына күмән туғызды. Көңілге қонбайтын мақсаттарды
жасырып тұрған, қайдағы бір құпия себептер бар шығар
деген ой өзінен-өзі туды. Астананы ауыстырудың ашық,
жасырын себептеріне қатысты осы әуре-сарсаң ақырында
1997 жылдың қарашасының соңында «ескі астанада» ке-
реметтей жер сілкінісі болады екен деген жорамалға келіп
ұласты. Барлық байқаушылардың пікірінше, осы нұсқа ғана,
жылы және жайлы Алматыны тастап кеткісі келген менің
ниетімді түсіндіруде ең дұрысы және ең қисындысы болып-
ты. Осы бастаманы түсіндіруге тырысқан басқа да нұсқалар
әлгілердіңжанында жеңіл-желпі болыпшықты. Кейін келе біз
де бұған көндік, себебі ресми айтқандарды қабылдамаған
жұрт өздерінің көңілдеріне қонатынды ойлап тауып, өздерін
өздері сендірді.
Астананы ауыстырудың себептері «неғайбыл күйінде»
қалғандай болды. Жаңа астана туралы пікірсайыстарда
ауыстырудың ресми себептері ешқандай да дәлелденген
көзқарастармен бекітілмеді. Қоғамдық санада Ақмоланың
мүмкін болатын жағымды сапасы «астаналық» белгі ретінде
қабылданбады, ал Алматының қордаланғанмәселелері оның
астаналық мәртебесін жоққа шығармады.
Халықтың арасында: қалай болғанда да астананы Ақмо-
лаға – табиғи-климаттық жағдайы күрделі, жаздың күнінің
өзінде жан-жағынан аңызақ соғып тұратын, қыста қарлы
борандарымен басып қалатын, өзі батпақта тұрған, сапа-
лы ауызсумен жабдықтайтын көздері жоқ қалаға ауыстыру
қатерлі деген сөздер айтып жүрді. Экологтардың алдын ала:
каналдар салу онсыз да суға бай емес Есілді сарқылтады,
ал оның су басатын, төмен жатқан сол жағалауында үлкен
құрылыстарды жүргізу бүкіл аймақтың нәзік тепе-теңдігін