Ж
АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ
441
органдардың кәсіби басқарушылық біліктілігінің деңгейі Ал-
матымен салыстырғанда сөзсіз төмендейді деген қорытынды
жасады. Ескі жәнежаңа астаналардың интеллектуалдық өзара
жарысында Ақмоланың сөзсіз ұтылатындығы да көрсетілді
және мұны күнделікті істе пайда болатын мәселелерге жа-
уап беруге дәрменсіз, мемлекеттік аппараттың ұтылуымен
де байланыстырды. Кішігірім шенеуніктер үшін астананың
ауыстырылуы олардың өмірлік баламаларының кәдімгідей
шектелуі және жеке тәуелділіктерінің артуы болып табылады
деп сәуегейлік айтты. Мемлекеттік қызметтің беделі түседі
және өз бетімен еркін ойлайтын адамдар азаяды, бұл өз та-
рапынан қабылданатын мемлекеттік шешімдердің барынша
тұрпайылануына алып келеді, себебі мемлекеттік аппарат
оларды жасаушылардың қосалқы авторлары болмайды,
тек атқарушылары ғана болады деген болжаулар айтылды.
Мемлекеттік аппарат, еріксіз, басшының саяси еркін іске
асырушыға дейін түсіп кетеді, мүмкін тіпті ол өз бетімен
қандай болмасын шешім қабылдауды айтпағанның өзінде
оның ойлағандарына түсінік беругешамасыжетпеуі де мүмкін
деп айтып жүрді. Бұл пайымдаулардың аясында, осылардың
барлығыныңнәтижесіндебюрократияныәлсірететінжағымды
факторлар қалыптасады деген болжамдар да болды.
Кең насихаттың болғанына қарамастан, елдің көбіне аста-
наны ауыстырудың себебі жұмбақ күйінде қалды. Көптеген
басылымдарда ресми себептер қабылданған шешімді
кәдімгідей түсіндіруге жеткіліксіз деп танылды. Сол күндерде
«Коммерсантъ» газетінде «Персональная столица Президента
Назарбаева» деген мақала жарияланды, онда «демократия
болмаған жағдайда, ешкімге түсініксіз, дәуірлік жобалар
пайда болуы мүмкін. Ешқандай да стратегиялық ойлау,
орасан зор қаржыны еңбекақы мен зейнетақыны төлеуден,
еліміздің азаматтарының басқа да проблемаларын шешуден
бұрып әкетуді ақтай алмайды» делінген. (Салопов Д. Персо-