Page 441 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
440
Ішкі саяси және экономикалық уәж – республиканың
еңбек күші артық шоғырланған оңтүстік аудандарының
ауылдарынан қоныс аударушыларды солтүстікке бағыттап,
сол арқылы, біріншіден, солтүстік облыстардағы қазақтар-
дың санын көбейту; екіншіден, жұмыссыздықтың мәселесін
шешу жиі айтылды.
Астананы ауыстыру себептерінің бірі ретінде, мен
қолдаған, тіл саясатының тұжырымдамасы да біршама ұзақ
уақыт тілге тиек болды. Мемлекеттік қызметтің лауазым-
дарына байланысты тізім жасалған екен, ол бойынша осы
қызметтерге қазақ тілінен емтихан тапсыра алғандар ғана
тағайындалады екен деген алыпқашты сөздер көп болды, бұл
өз тарапынан қазақ тілін білмейтіндердің уайымын туғызды.
Осыдан келіп, көп ұзамай елдегі басшылық қызметтерін кәсіби
деңгейлеріне қарамай-ақ, негізінен этникалық қазақтар алады
екен деген қорытынды жасалынды. Сіздер көріп отырғандай,
бұл болжам ақталмады, оны мынадан көруге болады.
Мемлекеттік қызметте 64 ұлттың өкілдері жұмыс істейді.
Олардың ішінде орыс ұлтының өкілдері жалпы мемлекет
қызметкерлерінің20%-ын, албасқа ұлттардыңөкілдері жалпы
мемлекет қызметкерлерінің 10%-ын құрайды. Бұл көрсеткіш
Қазақстанның этникалық құрамына жақын келеді.
Астананы ауыстырудың себептерін тиімді қылып түсін-
дірудің және құрылысқа ондаған миллиард долларды
жұмсаудың қажеті жоқ дегендер де болды. Мұның бәрі –
Назарбаевтың өзінің атын мәңгілікке қалдырғысы келген
өзімшілдігі, «астанадан артық қандай мәңгілік және қандай
мәнділік болушы еді?» деп сұрады олар өздерінен өздері.
Алматыда жүргізілген қоғамдық пікірлердің нәтижелері
де алға тартылды, онда тұрғындардың 62 пайызы Ақмолаға
көшу дегенді тіпті естігілері де келмеді. Бұл идея Алматыдағы
мемлекеттік шенеуніктердің арасында да үлкен құлшыныс
туғызған жоқ. Осыдан келіп кейбіреулер: Ақмолада үкіметтік