Ж
АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ
439
тіресіп тұрып алуымның себебіне байланысты, неше түрлі
ғайбат сөздер айтылды. Астананы ауыстыру төңірегіндегі
қызбалық қаулы шыққаннан кейін тіпті өршіді.
Астананы ауыстыру туралы идеяны «виртуальды саясат»,
немесе бізше айтқанда, «әрі-сәрі саясат» деп атады. Ондағы
айтқысы келгендері, билік елдің әлеуметтік-экономикалық
шынайы проблемаларыншеше алмай, өздерінің қолдарынан
ештеңе келмейтіндіктерінің орнын сөз жүзіндегі шешімдермен
толтыруға әрекеттері дегенге саятын. Олар бұл идеяны, билік
өзінің халық алдындағы күнделікті міндеттерін орындауға
дәрменсіздігінен, өздеріне бұрынғыдан да қарапайым
қызметтерді ойлап тапқан, халық алдындағы міндеттерін
«тарих алдындағы міндеттерге» ауыстырған, «кішкентай
жеңімпаз соғыс» түрінде көрсеткілері келді.
Астананы ауыстырудың уәжі екі негізгі топқа бөлінді:
ресми (ашық әрі байқалмаған) және жасырын, бұл туралы
шенеуніктер айтпаса да, ол баспасөзде талқыланған.
Ресми түрдегі көрсетілген себептерге, бірінші кезекте,
Алматының болашағы жоқтығы, қаланың тау етегіндегі
қазаншұңқырда орналасқаны жатқызылды. Осыған бай-
ланысты, ескі астананың экологиялық проблемалары,
белсенді сейсмикалық аймақтың қауіптілігі, Қытай шекара-
сына жақындығы, оның республиканың басқа аймақтарымен
қатынасын қиындататын, географиялық тығырыққа ор-
наласуы еске түсірілді. Сонымен бірге, Қазақстанның сол-
түстік аймақтарын дамытудың қажеттігімен және 1986
жылдың, қала алаңында болған студенттер толқуының ауыр
оқиғаларын еске түсіруден құтылу ниетімен байланысты се-
бептер де айтылды.
Еуразия мен Қазақстанның орталығына, көлік маги-
стральдары қиылысқан жерге орналасуына байланысты
Ақмоланың пайдасына географиялық және геосаяси түрдегі
дәлелдер әлдеқайда жиі айтылғанын атап кету қажет.