Page 439 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
438
елдің бас қаласының орнын анықтауға ерекше көңіл бөлінді.
Астана өзіне еуропалықжәне азиялық озық дәстүрлерді сіңіріп
отырған Еуразия құрлығының орталығы болып табылады.
Қала төрт тарапқа: Оңтүстікке, Солтүстікке, Батысқа,Шығысқа
бірдей ашық.
Екіншіден, бұл шешімді қабылдағанда қауіпсіздік мәсе-
лесі де еске алынды. Тәуелсіз мемлекеттің астанасы, мүм-
кіндігінше, сыртқы шекараларынан жырақта және елдің
ортасында орналасуы тиіс.
Үшіншіден, астананың орнын ауыстыру Қазақстанның
экономикасын сауықтыру қажеттігінен де туындады. Ол
елдің экономикасы үшін тиімділікті қамтамасыз етті. Шы-
нында, облыстық орталықтар дами бастады, экономиканың,
құрылыс материалдары өндірісі, жол төсеніштері, энергетика
және машина жасау сияқты салалары аяғынан нық тұрды.
Бұрын-соңды болып көрмеген қарқында тұрғын үй құрылысы
дамуда.
Төртіншіден, астананы аймаққа қарай көшіре отырып,
құрамы жағынан көп ұлтты біз, тұрақты полиэтникалық
мемлекетті құру,Қазақстандымекендепотырғанхалықтардың
арасындағы достықты сақтау және көбейту бағытын тағы да
дәлелдедік.
Әрине, астананы әсем Алматыдан Ақмолаға ауыстыру
шешіміне бару қиын болды. Елорданы ауыстыру туралыменің
идеямды психологиялық жағынан қолдағандар көп болған
жоқ. Тіпті менің жанұямның өзінде де мұны барлықтары «иә»
дей қойғанжоқ. Сөйтіп, барлығын ісжүзінде, таза ақ парақтың
беттерінен бастауға тиіс болдық.
Ж
аңа
астана
: «
бола ма
,
жоқ па
Астананыауыстыруға дайындықтың алдында өткен, 1994
жылдан басталған төрт жылдың өн бойында, менің астананы
ауыстыруға байланысты өзімнің көзқарасымда соншалықты