ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
42
нұсқаулары байытыла түсті. Біртіндеп, ерекше баса назар
аударатын жайларды орналастыру үрдісінде, жаһандықтан
жекеге, кезеңдіктен әлеуеттік мүмкіндіктерге бару қажеттігін
түсінушілікке келдік. Бұның бәрі тұрғындардың жақсы
тұрмысы мен экономиканың, қоғамның тұрақтылығын,
ұлттық қауіпсіздікті біздің негізгі басымдықтарымыз етіп
айқындады. Басқаша айтқанда, Стратегия басымдықтарын
айқындау «сақина көзінің біртіндеп тарылуы» деген принцип
бойынша, яғни ерекше маңыздыларын іріктеп алып,
қалғандарын шығарып тастап отыру жолымен жүргізілді.
Стратегия ең идеялық негізінен бастап тікелей оның же-
келеген аспектілеріне дейін көп рет пысықталып, тестіленді.
Басымдықтардың тұжырымын халықтың жақсы қабылдауы,
яғни оның мәтіні қысқа да түсінікті, бірақ мағынасы кең
ауқымды болуы үшін сарапшылар оны сан мәрте өзгертті.
Сондай-ақ біз басымдықтар санының өзін (әуелі бес, сонан
соң жеті қылып) шектеуді ұйғардық, өйткені басымдықтар
санының көптігі айтарлықтайықылас тудырмауы немесе әлсіз
қабылдануымүмкін еді. Сонымен біргежеті санының қазақтар
үшін ерекше қасиеті болатын.
1997 жылдың жазы бойына құжатты әбден жөндеу
бағытында жұмыстар жүргізілді. Стратегиялық жоспарлау
жөніндегі агенттік маған Стратегияның жөнделген және
түзетілген нұсқаларын екі аптада бір рет әкеліп тұрды. Ара-
сында сарапшылар әрбір параграфты қайта өңдеді және
менің енгізген өзгерістерімді ескере отырып, әрбір идеяны
ұштай түсті.
Стратегияны жасау жұмысы әлемдік экономиканың
теориясы мен тәжірибесін, тақырыптық, салалық және
индикативтік жоспарларды, көптеген елдерге барған сансыз
сапарлардың материалдарын, әйгілі сарапшылармен болған
пікірсайыстарды, ақыр соңы, құжат пен жұмыс істеген бүкіл
команданың ішкі түйсігін тыңғылықты пайдаланған күрделі
де көп деңгейлі міндет болды.