Page 438 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ
437
хан ордасын қоршаған топырақ қабырғалардың үйінділері
ғана жатыр. Ол астанаға жұрт түйемен, атпен кіретін болған.
Қазақстан аумағын Ресей жаулап алғаннан кейін де еш­
қандай астана болмаған, губерниялардың орталықтарының
бірі Омбыда, бірі Орынборда болған. АстананыОрынбордан
Ақмешітке (Қызылорда) көшіру кеңес үкіметінің шешімі бо-
латын. 1929 жылы, Түрксібті салып жатқан кезде, астананы
Алматыға ауыстырған. Алматыдәлжетпісжылреспубликаның
бас қаласы қызметін үлкен абыроймен орындап шықты. Дәл
осында мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларацияға қол
қойылды және бірінші егемендік Конституция қабылданды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін астана Алматы деп өз атына
өзгертілді.
Кезінде Алматы тамаша табиғатымен және апортымен
даңқы шыққан, одақтас республикалардың астаналарының
ішіндегі ең әдемілерінің бірі болды. 19 жасымда мен Алматы
облысынан Теміртауға ауыстым. Сол жерде менің жастық
шағым өтті. Соның өзінде-ақ Ақмола болашағы бар жас қала
деп есептелді. МұндағыЖастар сарайындай ғимарат ол кезде
ешжерде болмаған. ҚаланыХрущевоград деп атап, кейіннен
республиканың астанасын осында ауыстыру үшін арнайы
дайындаған. Ақмола ол кезде Тың өлкесінің орталығы бола-
тын. Осыжерде айта кету керек, Хрущевтен кейін, орталықтан
басқа жердің бәрінде, негізгі құрылыс ескі жатаған үйлер мен
барақтардан құралатын.
Осындайшешім қабылдамас бұрын, мен ұзақ ойландым,
барлық қадамдарымды есептедім, тарихшылармен, саясат-
танушылармен, мәдениеттанушылармен ақылдастым, басқа
елдердегі астаналарын көшіру тарихтарымен таныстым.
Сонымен, астананы ауыстырудың негізгі себептерін
түйіндеуге рұқсат етіңіздер.
Біріншіден, астананы ауыстыру Қазақстанды геосаяси
жағынан күшейтудің қажеттігінен туындайды. Сондықтан