ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
436
Парламенттің ғимараттарын салу керек болатын. Бірақ осы
ведомстволардың талаптарына сәйкес ғимараттарды Алма-
тыда да салар едік қой. Ал егер де оларды Алматыда, осы
өңірдің сейсмикалық жақтарын ескере отырып салғанда,
бізге екі есе қымбатқа түсер еді. Және тұрғын үйлерді қалай
болғандада салу керекболды.Мамандардыңесептеуінше, бір
шаршы метр тұрғын үй құрылысы және қызмет ғимараттары
Ақмолада, Алматымен салыстырғанда, арзанға түсетін кө-
рінеді.
Мысал ретінде, қарапайым есептеулер жасауға болады.
Мәселен, егер біз астананы ауыстыруға шартты түрде он мил-
лиард теңге жұмсайтын болсақ, онда оның сегізі мемлекетке
өнеркәсіп орындарынан және құрылыс ұйымдарынан, тиісті
орындаған тапсырыстары есебінен салық түрінде қайтады.
Осының есебінен, көптеген адамдар жұмыс ала алатын жаңа
өнеркәсіп орындарын ашу көзделді. Сонымен бірге, әрбір
салынған құрылыс мемлекеттің игілігі және байлығы екендігін
ұмытпау керек.
1995жылы 15 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының
астанасы туралы» заң күші бар Жарлығым шықты. Жарлықта
жоғарғы және орталық органдарды Ақмола қаласына орна-
ластыружөніндежұмыстарды ұйымдастыру үшінМемлекеттік
комиссия құру туралы нұсқау берілді. Республиканың
Үкіметіне Ақмола қаласын жайластыру бойынша бюджет-
тен тыс қаржыны жинақтау мақсатында бюджеттен тыс
«Жаңа астана» қорын құру міндеті жүктелді. Үкімет Ақмола
қаласының құрылысын салуға және инфрақұрылымын
дамытуға қатысып жүрген инвесторларға салық, кеден және
тағы басқадай жеңілдіктерін беру туралы ұсыныстарды да-
йындауы, содан соң менің қарауыма берулері тиіс болды.
Мемлекетті құру оңай емес, жаңа астананы салу одан да
күрделі. Біздің халық ешқашан өзінің астанасын салған емес.
Ұлытаудағы хан ордасында да сондай ештеңе болмаған. Онда