Page 436 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ
435
қосымша түсіндірулер беруге тура келді. Өздерін ештеңемен
көрсетеалмағаннанкейін, осыарқылыұпайжинауға тырысқан
адамдар да болды. Сонда мен жаңа астана ретінде, Ақмола
төңірегіндегі шудың бәрі таза әсіре саясатшылдық дедім.
Мен жұрттан Жоғарғы Кеңестегі сөйлеген сөзімді және онда
қабылданған қаулыны мұқият қайта оқып шығуды сұрадым.
Қаулыда көшудің мерзімі көрсетілмеген, тек онда Үкімет
осыған қатысты құжаттарды жасауы керек деген сөздер бол-
ды. Бұдан мәселенің бүгінгі күндікі емес, тіпті ертеңгі күндікі
де емес, арғы күннен кейінгі күндердікі екені айқын көрінді.
Оны толық орындау, қазақтардың және бүкіл Қазақстан
халқының түпкілікті мүдделеріне жауап беретін, ХХI ғасырмен
байланыстырылды.
Әсіресе саясатшы нағыз саясатшыдан және мемлекеттік
қайраткерден несімен өзгешеленді деген сұраққа нақтыжау-
ап бар. Егер де біріншісі келесі сайлаулар туралы ойлайтын
болса, екіншілері халықтың игілігі және елдің болашағы ту-
ралы ойлайды. Астананы көшіруге байланысты мәселені өз
пайдасынажаратқысыкелгендер істіңмәнін түсінгісі келмейтін
еді. Шалағай шешімдер туралы айғай-шу туғызу және
өздерін «халықтың үні» қылып көрсету – оңайдың оңайы.
Бұндай «әсіре қызыл саясаткерлер» бізде жеткілікті. Бірақ
әлдеқайда күрделісі, жалпы наразылық пен түсінбеушіліктің
болуына қарамастан, қабылдағаншешімнің қажеттігіне және
болашағының барлығына халықтың көзін жеткізу. Өйткені,
астананы ауыстыру жөніндегі жоспар, қандай да болмасын
әлеуметтік бағдарламаларды қысқарту есебінен емес, бюд-
жеттен тыс қаржы есебінен іске асырылуы керек болды және
оның көздері ізделіне бастады.
Иә, көп шығын қажет пе? деп өзіме сұрақ қойдым.
Әрбір билік құрылымына орналасатын орын ол кезде
табылды – кел де қызмет жасай бер. Дегенмен, әрине,
Қорғаныс министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің және