ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
434
орталығы деген атаққа ұмтылып отырғанда, біз шынында
оңтүстік астананың орасан зор әлеуетін оны халықаралық
деңгейге шығару үшін пайдалана аламыз. Ең алдымен
инфрақұрылым, байланыс, көлік қатынасы және т.б. қажетті
өлшемдер жақсартылуы керек.
Ашық айтайын, мен астананы ауыстыру идеясына бай-
ланысты бірталай қатал сынға тап болдым. Парламентшілер
менің идеямды тынышқана қабылдадыдесем, жалған айтқан
болар едім. Дауыстар екіге бөлінді: егер де депутаттардың
бірі мені сөзсіз қолдайық деп ұсынса, екінші біреулері үнемі
қиындай түскен әлеуметтік-экономикалықжағдайда астананы
ауыстыру үшін орасан зор қаржынышашу қисынсыздық деп,
мүлде дес бермейтін қорғаныста тұрды. Айтыс қызу жүріп
жатты, бірақ депутаттар негізінен мені қолдамауға қарай
ойысқан.
Сөйлейтін бір сөзімді мен өзімнің туған күніме орай-
ластырып тағайындағаным есімде. Бірақ менің бұл кіш-
кентай қулығым іске аспады, айтыстың қызуымен бұны тіпті
ешкім де есіне алмады. Бірақ кейіннен, жаңа астана таяу
арада бола салатын іс емес, қалай болғанда да 20-30 жылды
керек қылады деп ойлаған депутаттар, астананы ауыстыру-
ды қолдап дауыс берді. Қолдаушылардың дауысы сәл ғана
артықшылықпен басым түсті.
Дәл осы жерде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Ке-
ңесінің сессиясында, «Қазақстан Республикасының аста-
насын ауыстыру туралы» қаулы қабылданды, онда менің
мемлекет астанасын Ақмола қаласына ауыстыру жөніндегі
ұсынысыммен келісетіндері туралы айтылды және Минис-
трлер кабинетіне 1994 жылдың соңына дейін астананы
ауыстырудың техника-экономикалық негіздеулерін жасауға
және оның мерзімін белгілеуге нұсқау берілді.
Сол жылы 2 қыркүйекте «Казахстанская правда» газетіне
берген сұхбатымда маған астананы ауыстыруға байланысты