Page 434 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ
433
Сәулетшілердің бастапқы бағалаулары бойынша, аста-
налық әкімшілік орталығын мақсатты түрде жеке, қаланың
оңтүстікшетінде, 300-400 гектар аумақта салу көзделді. Бірақ
кейіннен, қаланы салу жөніндегі конкурста жапон сәулетшісі
Кисё Курокаваның жеңіп шығуына байланысты, жоспар
өзгертілді, қала енді Есіл өзенінің солжағалауында бой көтере
бастады. Бас сәулетші Кисё Курокаваның сол кезде: «Таза
қағазға сызғанда ғана иероглиф әдемі болып шығады» деп
айтқан сөзі еске түседі. Есіл өзенінің солжағалауыөзінің көлемі
жағынан да, әдемілігі жағынан да жаңа астананы салуға
көбірек келуші еді. Дипломатиялық корпус та қалашеңберінің
ішінде, сол жағалауға орналасты.
Алғашқы уақытта, бұрыннан ойластырылғандай, кейбір
министрліктер жаңа астананың маңайындағы қалаларға да
орналастырылды. Астананыауыстыру солтүстік аймақтардағы
инновациялық және ғылыми-ауқымды өндірісті, ілгерішіл
ауыл шаруашылығымашиналарын жасаудыжәне кең түрдегі
ұқсатушы ауыл индустриясын интенсивті түрде дамытуға
септігін тигізеді деп есептелінді. Біз Ақмола бейнесінен тек
жаңа қоғамдық-саяси ортаны ғана емес, Қазақстанның
Алматыдан кейінгі, маңызы жағынан екінші экономикалық,
іскерлік, ғылыми және мәдени орталықты көргіміз келді.
Көп адамдар сол кезде жаңа астанаға жұмсалған қаржы-
ның қайтпайтынын айтып, кейде ашық түрде мемлекеттің
ақшасынбосқашашу дейтін. Бірақ қайтпай қалғаншығын–ол
астананы көшіруге кеткен шығын ғана болды. Қалғанының
барлығы – бұл күрделі салымдар, бұл болашаққа деген
инвестициялар. Жаңадан тұрғызылғандардың баршасы
мемлекеттің ұлттық байлығын көбейтуі тиіс болатын.
Алматы бейнесінен біз бәрібір қашанда мемлекеттің қо­
ғамдықсаяси өміріне үлкен ықпалы бар, іскерлік, қаржылық,
ғылыми және мәдени орталықты көрер едік. Сонымен қатар
қазір, Алматы Орталық Азия және ТМД көлемінде қаржы