Page 433 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
432
Қалай болғанда да, жүргізілген зерттеулер, барлық
нұсқалардың ішінен ең қолайлысыАқмола екендігін көрсетті.
Қаланың жағдайы, оның аумағы кез келген сәулеттік қадам-
дарды іске асыруға мүмкіндік беретін. Ақмола Қазақстанның
географиялық орталығына жақын жатты және маңызды
шаруашылық аймақтарына таяу, ірі көлік магистральдары
түйіскенжерде орналасты. Ол кезде ондашамамен200мыңға
жуық адам тұратын және сол уақыттағы қаланың бас сәулет
жоспары бойынша қала халқын 400 мыңға дейін өсіруге
болады деп есептелінді. Қазір, ресми мәліметтердің өзі бо-
йынша, Астанада жарты миллионнан астам адам тұрып жат-
қан көрінеді, ал шындығы одан әлдеқайда көп.
Ақмола тың өлкесінің орталығы болды, бұның өзі қалаға
астана мәртебесін беру мүмкіндігін айтып тұрды. Соны-
мен қатар, дәл осындай шешім, мен жоғарыда айтқандай,
кезінде Н. Хрущев басқарған Одақ басшылығы тарапынан
да кәдімгідей қарастырылған болатын. Сондықтан сол кездің
өзінде-ақ бұл жерде қазірдің өзінде қызмет жасап тұрған,
бірталай мықты әкімшілік ғимараттары, Мәдениет сарайы,
Жастар сарайы және басқалар салынған.
Қаланың өмірлік қажеттіліктерін қамтамасыз ететін негізгі
жүйелердің жағдайы да онша көп мәселе туғызбады. Бұнда
жылумен, газбен қамтамасыз ету жақсыжолға қойылған, су-
менжабдықтауға байланыстыбарлық мәселелерді ұзындығы
жағынан шағын «Ертіс-Қарағанды» каналы шешіп тұрды.
Осы­ларға қосымша Ақмолада көлік инфрақұрылымы жақсы
дамыдыжәне күні бүгінгедейін экологиялықжағдайықолайлы
қалыптасқан. Астананы көшіру бір сәтте бола салатын жұмыс
емес, оның аяқталуы, жоспарланғандай 2000 жылға қарай
іске асырылды. Қажетті дайындық жұмыстары жасалғаннан
кейін, Ақмолаға бірінші кезекте, негізгі мемлекеттік органдар,
сонымен қатар бірқатар маңыздыминистрліктер мен ведом-
стволар көшіп келді.