Ж
АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ
431
Меніңтапсырмамбойынша,жаңаастананыорналастыруға
қолайлы жерді табу мақсатында, республиканың бүкіл
аумағына жан-жақты зерттеу жүргізілді. Астана 32 өлшемге
сәйкес болуы керек еді. Осы өлшемдердің ішіндегі аса
маңыздыларына: әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер,
климат, ландшафт, сейсмикалық жағдай, қоршаған орта,
инженерлік және көліктік инфрақұрылымының болуы, оның
болашағы, коммуникациялар, құрылыс кешені және еңбек
ресурстары жатады.
Бастапқыда бізге жаңа астананы еліміздің нақ ортасы-
нан салу идеясы тартымды болып көрінді. Қазақстанның нақ
ортасы – бұл ертеректе хандардың ордасы тұрған Жезқазған
менҰлытау. Бұлжерде, кеңдаланың төсінде, Ұлытаужоталары
орналасқан. Өткен ғасырларда қазақ рулары Қазақстанның
жан-жағынан – батысы мен шығысынан, оңтүстігі мен
солтүстігінен ағылып келіп Ұлытауда түйісетін болған. Осы
өңірде қазақ ұлтының түп-тамыры бекіген.
Бірақ бүгінгі күні Ұлытауда тапшылық көп: жеткілікті су да,
теміржолдар да, автокөлік магистральдары да, әуежайлар да
жоқ. Ал астананы Ұлытау өңіріне ауыстыру қыруар қаржыны
қажет етер еді. Ондай жерде жаңа қаланы салу тіпті қиынға
түседі.
Мен Қарағанды туралы да ойладым. Бұл қаланы мен
жақсы білетінмін. Қарағанды Теміртауда жұмыс істеген
біз-дер үшін өркениеттің орталығы болатын. Бірақ қаланың
асты толған шахталар, осыдан барып жер жиі-жиі ойысады,
бұған сумен қамтамасыз етуді және экологияны қосыңыз.
Үшінші астаналық нұсқа Ақтөбе болып еді. Ақтөбені
таңдасақ, онда біз еліміздің шығыс аймағынан тым алшақ-
тап кетер едік. Біздің Алматыдан кету себебіміздің өзінде,
оның оңтүстік-шығыстағы тығырық болуы жатты ғой, ал
Ақтөбе басқа аймақтар үшін солтүстік-батыстағы тығырық
болар еді.