ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
430
шектеулі еді. Алматының аумағын кеңейту қажет еді, бірақ
құрылыстардың тығыз орналасуынан және бос жерлердің аз
болуынан қаланы кеңейтуге мүмкіндік жоқ еді.
Сонымен қатар, жоғары сейсмикалыққа байланыс
ты Алматыдағы жаңа құрылыстар, Қазақстанның басқа
қалаларындағы құрылыстармен салыстырғанда, әлдеқайда
қымбатқа түсер еді. Бізге, бұрын қажеттігі болмаған, еге-
мен мемлекет ретінде енді қажет болатын, жаңа: Қазақстан
РеспубликасыныңПарламенті үшінғимараттаркешені,Сыртқы
істер министрлігіне, Қорғаныс министрлігіне, банктерге және
басқадай ұйымдарға, оның ішінде шетел мемлекеттерінің
елшіліктеріне ғимараттар салу керек еді.
Сөз жоқ, Алматы – еліміздің сұлу қаласы. Оған ерек-
ше сұлулықты Алатаудың жоталары мен шыңдары-ақ
беріп тұрады. Менің өзім Алматыға таяу жерде туып-өстім,
сондықтан бұл қаланы мен жақсы көремін. Бірақ елдің
мүддесі мен объективті факторлар жеке басқа қатысты
жағдайлардан әлдеқайда жоғары тұрды. Алматының аста-
на ретінде, шынында да, өзіндік кемшіліктері бар еді және
оларды жою мүмкін емес болатын. Мысалы, жылдан-жылға
қаланың экологиялықжағдайыасқына берді. Атмосфераның,
әсіресе қыс айларындағы былғанышы жағынан, бұрынғы
астана Қазақстан қалаларының арасында бірінші орында
тұрады. Оның көшелері және ауасы жүз елу мыңға жуық
көлік құралдарының сапырылысына әрең дегенде төтеп беріп
тұрды. Қаланың сыртында, жиі түсетін тұманның аумағында
орналасқан әуежай әуе байланысына жиі-жиі кідіріс туғызды.
Халықтың тығыздығы бойынша солтүстік облыстар,
оңтүстік облыстармен салыстырғанда, әлдеқайда кең ты-
нысты. Миграциялық қозғалыстарды Қазақстанның басқа
аймақтарына қарай бұру экономикалық және әлеуметтік
жағынан тиімді болатын. Жаңа астананың үлкен перспекти-
валарыбар өнеркәсіп орталықтарына жақын орналасуыжәне
оған толып жатқан шектеулер болмауы керек болды.