Ж
АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ
429
1961 жылы Ақмола қаласының аты Целиноград болып
өзгертілді және ол республиканың бірнеше ірі облыстары
кірген Тың өлкесінің орталығына айналды. Сол уақыттарда-ақ
НикитаХрущевбасқарғанОдақтыңбасшылығыҚазақстанның
астанасын Целиноградқа көшіру туралы кәдімгідей әңгіме
көтере бастаған.
Одақыдырағаннанкейін, республикаларөзмемлекеттігін,
өз тарихын өздері жасауға құқық алды. Қазақстан орталығын,
қазір Астанаға айналған Целиноградқа көшіру, Қазақстан
мемлекеттілігі дамуының өзінше бір жаңа кезеңі болды.
Астанаға айналғаннан кейін, қала өз тарихының үшінші дәуірін
бастады. Мен осы тарауда осы дәуірдің қалай басталғанын
айтпақпын.
Қ
азақстанның
астанасын
ауыстыру
туралы
шешімнің
қабылдануы
Орталықты ауыстыру туралы ойды жұртқа жарияла-
мас бұрын, мен Парламентпен келіссөз жүргіздім, оларға
сөйлейтін өз сөзімнің жобасын бердім. Ал бұған жауап
ретінде: «Оған Алматының несі ұнамай қалыпты? Одан да
жалақымен зейнетақыны уақытында берсін де!» деген шым-
шыма сөздерді жиі естідім.
1994жылы6шілдеде, Қазақстан РеспубликасыЖоғарғы
Кеңесі сессиясының пленарлық мәжілісінде сөйлеген сөзімде
парламент мүшелерінің талқысына астананы ауыстыру
идеясын ұсындым. Қазақстан астанасын ауыстыруды мен
Алматының не экономикалық, не геосаяси жағынан тәуелсіз
мемлекеттің астанасы ретіндегі талаптарға қазірдің өзінде-ақ
жауап бермейтіндігімен дәлелдедім. Тұрғын саны біржарым
миллиондық көрсеткішке жақындап қалған оның аумақтық
тепе-теңдікпен орналасу кеңістігі жағынан келешегі тым