Page 429 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
428
ықпал жасағанын, ауыс-түйісі мол болғанын көреміз. Со-
нау, біздің жыл санауымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың
ортасында, осы сайын даланың төсін басып, әйгілі қырдың
жолы өткен. Соның жайы ежелгі грек тарихшысы Геродоттың
еңбектерінде айтылады.
1998 жылы археологтар қазіргі Астанадан бес шақырым
жерден ортағасырлық қала – Бозоқтың орнын тапты. Дәл
қазіргі Астана тұрған аумақ арқылы XVI ғасырда Сібір – Орта
Азия керуенжолыөткен. БозоқҚыпшақ хандығыныңастанасы
болған.
Ақмола тарихындағы екінші көтерілу дәуірі кеңестік
кезеңмен байланысты. Өзінің қолайлы географиялық жағда-
йының арқасында, Кеңес өкіметі жылдарында, Ақмола
жерінде, қаланы Одақтың темір жол жүйесіне қосқан және
көлік ағынына ілестіріп әкеткен теміржол магистральдары са-
лынды. Бұл, өз тарапынан, өнеркәсіптің әртүрлі салаларының
кең дамуына және Ақмоланың ірі көлік торабына айналуына
алып келді.
ҰлыОтан соғысыжылдарында Ақмола Одақтың тек қана
экономикалық қана емес, сондай-ақ әскери-көлік торабы да
болды. Бұлжерде бір аттыәскержәне үшатқыштар дивизиясы
жасақталды. Мұнда елдің майдан шебіндегі аумақтарынан
өнеркәсіп орындары мен тұрғындары көшіріп әкелінді. Осы
жергемыңдағанжаралылардыемдеген көшпелі госпитальдар
орналастырылды.
Экономиканың барлық салаларының дамуына жаңа
тынысты «тың дастаны» дарытты. 1950–1960 жылдары қа-
лада машина жасау, құрылыс материалдары өнеркәсібінің,
энергетиканың, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің, көлік
қатынасының, байланыстың және телекоммуникацияның
кәсіпорындары жұмыс істей бастады. Ауыл шаруашылық,
педагогикалық, медициналық және инженерлік-құрылыс ин-
ституттары, бірқатар техникумдар мен училищелер ашылды.