Page 42 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Т
ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ
41
дар – бірінші кезең, 2010–2020 жылдар – екінші кезең және
2020–2030 жылдар – үшінші кезең. Сол аяқталған кезде
Қазақстан дамыған елдер санатына енуі керек. Стратегия
энергия қуаттарының қорлары мен бағасына қарай біздің
ел дамуының оптимистік, базалық және пессимистік үш
сценарийін болжады. Айта кетер болсақ, кейінгі жылдары
мұнай бағасының деңгейі, тіпті бір баррелі үшін 18 АҚШ
долларына жуық деңгейге бағыт ұстаған Стратегияның
оптимистік сценарийі көрсеткіштерінен асып түсті. Салыстыру
үшін айтсақ, 2000 жылы мұнай бағасы 28,2 АҚШ долларын
құраса, ал 2006 жылымұнайдың бір баррелінің орташа құны
60 АҚШ доллары деңгейінде тұрды.
Құжаттың құрылымын талқылау барысында басымдық-
тар мен олардың дәйектілігін айқындау бастымәселе болды.
Көптеген сағаттарға созылғанқызу айтыстар кезінде әр сарап-
шы өз саласына жеке басымдықтар берілуіне күш салды. Тек
қана, мысалы, денсаулық сақтау мен білім беруді жекелеген
басымдықтарғабөлуұсынылды. Басымдықтардыңқолданылу
тәртібі туралы тартыстар дашиеленісті болды. Ақыр соңында
жұмыс тобыбес басымдыққа тоқтады. Алайдажұмыстардың
орындалу мүмкіндігіне қарай инфрақұрылымдар мен энер-
гетика мәселелері жеке қарауды талап ететіні түсінікті бол-
ды. Сайып келгенде, біз экономиканың бұл қабаттарының
маңыздылығы Қазақстанның келешегі үшін соншалықты
маңызды болады, басымдықтар секілді, олар да жеке
қарауды талап етеді деген қорытындыға келдік. Осыдан кейін
барып Стратегияда жеті басымдық айқындалды.
Басымдықтар санын айқындауда мемлекеттік менед-
жмент пен психология саласында елеулі жұмыстардың
жеткілікті атқарылғанын айта аламын. Стратегияның негізін
дайындау, соның ішінде басымдықтардың қолданылу тәртібі
менмаңыздылығын айқындау кезінде халықаралық тәжірибе,
отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылардың