Page 423 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
422
Еліміздің экономикалық өрлеуі ғарыштық бағдарламалар-
ды жасауға және оны іске асыруға негіз болды. Қазақстан
Республикасындағы ғарыштық қызметті дамытудың 2005–
2007жылдарға арналған бірінші бағдарламасы қабылданып
іске асырылуда. Менің тапсырмам бойынша Қазақстандағы
ғарыштық қызметті дамытудың 2020 жылға дейінгі ұзақ
мерзімді бағдарламасы да жасалып жатыр.
Қазақстан Республикасы қазіргі уақытта халықаралық
ғарыш құқығының субъектісі болып табылады.
1995 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының
Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарға пайдалану тура-
лы комитетінің мүшесі болып қабылданды. 1997 жылы
Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының ғарыш
бойынша бес негізгі халықаралық келісімшартына қосылды.
Олар:
– Мемлекеттердің ғарыш кеңістігін, Айды және басқа
да аспан денелерін зерттеу және пайдалану жөніндегі
қызметтері туралы 1967 жылғы 27 қаңтардағы келісімшарт;
– Ғарышкерлерді құтқару, ғарышкерлерді қайтару
және ғарыш кеңістігіне жіберілген нысандарды қайтару
туралы 1968 жылғы 22 сәуірдегі келісімшарт;
– Ғарыштық нысандардың келтірген нұқсанына халық-
аралық жауапкершілік туралы 1972 жылғы 29 наурыздағы
конвенция;
– Ғарыш кеңістігіне жіберілген нысандарды тіркеу ту-
ралы 1975 жылғы 14 қаңтардағы конвенция;
– Мемлекеттердің Айдағы және басқадай аспан дене-
леріндегі қызметі туралы 1979 жылғы 18 желтоқсандағы
келісім.
Бүгінде біздің республика дүние жүзінің ғарыштық дер-
жавалары қатарынан өзінің орнын алуға тырысуда. Қазіргі