Page 424 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН
Қ
АЗАҚСТАН
423
уақыттаҚазақстан Республикасының зымыран технологиясын
бақылау режиміне қосылуы жөнінде рәсімдер іске асырылу-
да. Бұл Қазақстан Республикасының халықаралық ғарыштық
қызметтің толық қатысушысы болуына мүмкіндік береді.
Соңғы уақыттарда дүниежүзілік ғарыш индустриясын­
да, ғарыш кеңістігін игеру және пайдалану саласында
халықаралық ынтымақтастық көлемінің кеңеюімен және
ғарыш кеңістігін пайдаланумен, ғарыштық қызметтердің
жаһандануымен және коммерциялануымен байланысты
үлкен өзгерістер болды.
Көптеген мемлекеттер, оның ішінде Қазақстан да, ға-
рыштағы геосаяси мүдделердің маңыздылығын түсінуге
жетті, соның себебінен ғарышкеңістігін игеру және пайдалану
бүгінде ұлттық саясаттың басым жақтарының біріне айналып
отыр.
Ғарыштық кеңістікті зерттеу және пайдалану рөлі біздің
мемлекеттің экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеу-
меттік дамуында үнемі арта түсуде.
2006 жылы қазанның басында біз республикада бірінші
қазақ ғарышкерінің ғарышқа ұшуының 15жылдығын кеңінен
атап өттік. Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен
Астанада өткен «Қазақстан Республикасындағы ғарыштық
қызмет дамуының қорытындылары мен болашағы» деген
тақырыптағы халықаралық форум осы оқиғаға арналды.
Форумға Ресей Федералдық ғарыш агенттігінің, Ресей
ғарышкерлерді дайындау орталығының, Ресей «Энергия»
ғарыш корпорациясының, Ресейдегі ұшақ жасайтын «МиГ»
корпорациясының, Жуковский атындағы Ресей жоғарғы
әскери-инженерлік академиясының, «Байқоңыр» ғарыш
кешенінің делегациялары, Австриядан келген қонақтар,
Қазақстан ғалымдары, республиканың ғарыштық ведом-
стволары мен ұйымдарының өкілдері, бір сөзбен айтқанда,
Қазақстанның бірінші ұлттық ғарыштық бағдарламасын