Page 422 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН
Қ
АЗАҚСТАН
421
ынтымақтастығының сенімді қолдарында, ал оның болашағы
екі ел басшыларының тікелей бақылауында екендігіне шын
жүректен қуанды.
Жалпы, кешенді жалға бергеннен кейінгі, Байқоңырға
сол жолғы бірінші баруым маған рух берді. Мен ғарыш
айлағында он бір жыл бойы болған жоқ едім, оның әлі де
сол рухымен күшті екенін көрдім. Бейнелеп айтқанда, баяғы
Алланың нұры түскен сол киелі перзент – Байқоңыр – күшті,
ақылды да, білімді, алдына өмірлік батыл жоспарлар қойған
бозбалаға айналыпты.
Мейлі, ол ең бір қиын да ауыр сынақтардан өтсе де, со-
лары оған тек қана шыдамдылық, күш пен сенім қосыпты.
Оның ата-анасының бірі ретінде Қазақстан заңды түрде ол
үшін мақтана алады.
Өткен жылдардың ішінде, жалпы алғанда айтарлықтай
жағымды өзгерістер Қазақстан Республикасында да, сол
сияқты «Байқоңыр» ғарыш кешенінде де болды. Бүгінгі
Қазақстанның дамыған нарықтық экономикасы бар, қысқа
мерзімнің ішінде біз табысты реформаны іске асырдық, қазір
ол еліміздің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуде.
Қазақстан бүгін – әлемдегі ең серпінді дамып отырған
мемлекеттердің бірі. Экономиканы басқарудың принципті
түрде өзгеше жүйесін құру басталды, экономиканы әртарап-
тандыруға бағытталған индустриалды-инновациялық страте-
гия іске асырылуда, посткеңестік кеңістіктегі ең бір прогресті
қаржы жүйесі жасалды. Бәсекеге қабілетті экономикалық
әлеуеті бар, басыңқы салалары даму үстіндегі экономиканың
моделіне бағыт ұсталынып отыр. Күн тәртібінде Қазақстанды
одан әрі қарайжаңғырту, демократияландыру, интеграциялау
және бәсекеге барынша қабілетті әлемдегі 50 елдің қатарына
өткізу мәселелері тұр.
Қазақстан Республикасындағы ғарыш қызметін дамыту-
дың міндеттері осы стратегиялық мақсатпен үндесіп жатыр.