ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
420
Егер ғарышкерлерді дайындау туралы айтатын болсақ,
онда ғарышкерлікке үміткер екі қазақстандық ғарышкерлер
дайындайтын Ю.А. Гагарин атындағы Ресей Мемлекеттік
ғылыми-зерттеу сынақ орталығында жалпы ғарыштық
дайындықтан өтуді аяқтады, енді ұшу бағдарламасыбойынша
шешім күтуде.
Жаһандық жасанды жер серігі навигациялық жүйесін
пайдалану және қолдану мәселесіне байланысты біздің Ресей
Президентімен бірлескен тапсырмамыз бойынша біріккен
Қазақстан-Ресей сарапшылар тобы тыңғылықтыжұмыс істеді,
оның қорытындыматериалдарыҚазақстан Республикасының
Үкіметіне тапсырылды.
Бір сөзбен айтқанда, бүгінде елімізде ғарыш қызметін
дамыту бойынша тыңғылықты және бағытты жұмыстар
жүргізілуде. Соңғы екі жылда біз Владимир Путинмен
Байқоңырда екі рет болып үлгердік. 2005жылы біз Байқоңыр
ғарыш кешенінің 50 жылдығына арналған салтанатқа
қатыстық. Байқоңырлықтардың, Ресей мен Қазақстанның
ғарыш салаларындағы құрметті адамдарының алдында
сөйлеген сөзімде, мен Байқоңыр кешенін жалға беруді
2044 жылға дейін ұзарту туралы құжатқа қол қойылғанын,
ғарыштық бағдарламаларды бірлесіп іске асыруға, қазақ-
стандық ғарышкерлерді және ғарыш саласыныңмамандарын
дайындауға шешім қабылданғанын еске салдым. Сол жерде
мен: «Сөйтіп, біз Владимир Владимировичпен бірге Байқоңыр
ғарыш айлағындағы біздің ұрпақтың өмірін, бірлескен
қызметіншештік. Мен бұған, принцип ретінде, біздің мәңгілік
достығымыздың шын мәніндегі орнаған жері және дәлелі
ретінде қараймын», – дедім.
Меніңсөздерімжұрттыдүрсілкіндіргенқолшапалақтаумен
қарсы алынды. Мен олардың осыны түсінгеніне риза-
мын. Байқоңырлықтар – ерекше халық, олар ғарыш
айлағы Қазақстан мен Ресейдің өзара тиімді халықаралық