Ж
ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН
Қ
АЗАҚСТАН
419
«КазСат» 92 градус шығыс бойлығының орбитасында
ұшу конструкторлық сынаудан өтті, содан соң 103 градус
шығыс бойлығындағы орбитаға ауыстырылды да, сол
жерде жұмыс істеуге кірісті. Бұл орбиталық орын Ресейдің
резервінде сақталып келген еді. Кейін келісім бойынша,
2021 жылға дейін Қазақстанның пайдалануына берілді.
Байқоңыр ғарыш кешені қызмет жасаған жылдардың
ішінде Қазақстан бірінші рет жалға беружағдайында қаламен
ғарыш айлағының инфрақұрылымын дамытуға қатысады.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Даниал
Ахметов Байқоңырға жұмыс сапарымен барып қайтқаннан
кейін, Байқоңыр қаласында ұлттық білім беру орталығын
салу, Қазақстанның ғарыш ведомствосына арналған біртұтас
ғимаратты қайта құру, сол сияқты қазақстандық мамандарға
арнап бірнеше тұрғын үйлер салу туралы шешім қабылданды.
Қазақстанды индустрияландыру, тұрғын үй құрылысын
жасау бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Премьер-
министр Даниал Ахметовтың жасампаз еңбегін атап өткім
келеді. Ол қашанда жұмысқа белсенділігімен және табысқа
ұмтылуымен көзге түседі. Ғарыш қызметін дамытудың
бағдарламасын іске асыруда, біздің бірінші байланыс жасан-
дыжер серігімізді ұшыруда, «Бәйтерек» кешенін салуда ол аз
күш жұмсаған жоқ.
Қазақстан Республикасындағы Ғарыштық қызметтерді
дамыту мемлекеттік бағдарламасында мамандарды дайын-
дауға және олардың біліктігін көтеруге басымды маңыз
беріледі. Қазірдің өзінде Президенттің «Болашақ» бағдарла-
масы шеңберінде Ресейдің, АҚШ-тың, Ұлыбританияның,
Францияның, Германияның, Нидерландының және Қытай-
дың жоғары оқу орындарында ғарыштық мамандықтар
бойынша оқыту ұйымдастырылған. Қазіргі кезде ғарыштық
қызмет көрсету саласында жүзге жуық адам стипендияға ие
болып отыр.