ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
418
Осы бір айтулы оқиғаға қатысу үшін 2006 жылы 18 мау-
сымда мен Ресей Президенті Владимир Путинмен бірге
Байқоңырға келдім.
Дәл кесте бойынша, 18 маусым, 4 сағат 44 минутта,
ғарышайлағының 200-ші алаңынан, бортында Қазақстанның
бірінші ғарыштық жасанды жер серігі бар, «Протон-К»
зымыран-ұшырғышы старт берді. Владимир Владимирович
Байқоңырдан ұшатын зымыранның стартын бірінші рет қарап
тұрды. Мұның бір жағынан рәміздік мәні бар еді, себебі – бұл
бірлескен ынтымақтастықтың нәтижесінде мүмкін болған,
«КазСаттың» ұшуы болатын.
Баспасөздің күткеніне қарамай, біз сәтті стартқа түсінік-
теме бермедік, өйткені Жердің жасанды серігінің орбитадағы
негізгі қызметі белгілі бір уақыттардан кейін басталатын еді.
Сол күнгі сағат 20-да Ақкөлдегі жерден басқару кешеніне
Жердің жасанды серігінен борттағы ретрансляциялық кешен
антенналарының ашылғандығы туралы сигнал келді. Бұл
ғарыш аппараты жұмысқа дайын деген сөз болатын. Жердің
жасанды серігін екі ай бойы РесеймамандарыАқкөлдегі жер-
ден басқару кешенінің біздің қазақстандық қызметкерлерімен
бірлесіп орбитада сынағаннан кейін барып қана Қазақстан
«КазСатты» пайдалануға алды.
«КазСаттың» 12 белсенді транспондерлері бар, олардың
төртеуі тоқтаусыз телехабарларды қамтамасыз етеді және
сегіз оқпаны БРТК Кu және БРТК 72 МГц. диапазоны жиілі-
гіндегі тіркелген байланыстарға арналған. Сигналдың
берілуін жердегі басқару кешені мен Қазақстан аумағында
Ақкөлде, Астанадан 100 км қашықтықта орналасқан, бай-
ланыс мониторингі жүйесі және Ресейде оқып келген білікті
қызметкерлер құрамы қамтамасыз етеді.
Жердің жасанды серігі өзінің орбитасында Қазақстанның
бүкіл аумағын, сол сияқты Сібір, Еділ бойы аймақтарының
аумағын спутниктік байланыспен және телеарналар хабар-
ларын таратумен қамтамасыз етеді.