ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
40
басқарушылардың әрқайсынан ақпараттарды барынша көп
игеруді талап етті.
Ақпараттардың сыннан өткен көлемі жинақталғаннан ке
йін ұзақ мерзімді стратегияны жасау үшін әдістемелік базаны
құру қажет болды. Бұл арада біз халықаралық тәжірибеге
ден қойдық. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы
Даму бағдарламасының белсенді қолдауы арқасында біз
Гарвард университетімен байланысты қалыптастыруға
және стратегиялық жоспарлау бойынша семинар жүргізуге
мүмкіндік алдық.
1997 жылы сәуірде қазақстандық топ Гарвард универси-
тетінен жоғары лауазымды адамдар үшін онкүндік семинар
ұйымдастырған Бостон қаласына жүріп кетті. Семинар ба-
рысында қазақстандық сарапшылар Корея, Сингапур және
Малайзия секілді елдердің жалпыға белгілі стратегиялық
жоспарлау тәжірибесімен ғана емес, бұған қоса «Боинг»,
«Дженерал Электрик» және «Бритиш Петролеум» сынды
әлем алыптарының ұзақ мерзімді бизнес-стратегияларымен
де танысты. Бұл лекциялар басқа елдерменжәне трансұлттық
корпорациялармен жері, тұрғыны, ішкі жалпы өнімнің
көлемі мен көмір-сутегі қоры секілді белгілер бойынша
салыстырғандағы Қазақстанның орнын анықтауға жағдай
туғызды. Семинар материалдары және жекелеген әлемдік
деңгейдегі сарапшылармен арадағы келесі байланыстар
болашақ стратегияның әдістемелік негізін қалады.
Отыз жылға жоспарлау көкжиегін таңдау басты екі фак-
тормен белгіленді. Біріншіден, отызжыл бір буынныңбелсенді
өмір кезеңін көрсетеді. Екіншіден, Қазақстанда мұнай қорын
бағалау мен балама энергия көздерін енгізу мүмкіндігі бойын-
ша, сондай-ақ ұзақтығы 30-40 жылдық дайын бөлік болды.
Мәселен, басқа мұнай компаниялары үшін бағдар болған
«Шевронмен» де 40 жыл мерзімге келісімге қол қойылды.
«Қазақстан стратегиясы–2030» төрт кезеңге бөлінді:
1997–2000 жылдар – дайындық кезеңі, 2000–2010 жыл-