Ж
ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН
Қ
АЗАҚСТАН
417
оптикалық құбылыстарды зерттеу негізінде, кешенді зерт-
теулерді іске асыру жөніндегі және басқа ғылыми-зерттеу
жұмыстарына тікелей қатысты мәселелер.
Біз бүгін Байқоңырда Ғарышиндустриясының орталығын
құру үшін осы жерде ғарыштық қызметтің отандық әлеуетін
шоғырландыруымыз қажет.
ОсымақсатпенБайқоңыр қаласында қазірдіңөзінде «Қаз
космос» және «Бәйтерек» бірлескен жобасының филиалда-
ры құрылып, қызмет жасауда, Астрофизикалық зерттеулер
орталығының құрылымдық бөлімшелерін қайта орналастыру
жүргізілуде.
Қазақстанда ғарыштық зерттеулердің бұрыннан
келе жатқан дәстүрі бар. 1950 жылы астрофизикалық
бақылаулар галактикалық және галактикадан тыс ны-
сандарды – Күн жүйесіндегі жұлдыздар мен планета-
ларды теориялық тұрғыдан зерттеулер үшін В.Г. Фе-
сенков атындағы Астрофизика институты құрылған
болатын. 1983жылдан бастап, Күн-Жер байланыстарының
тетіктерін, динамикалық процестерді зерттеумен, әртүрлі
орталардың (атмосфера-ионосфера-магнитосфера)
өзара іс-әрекеттерін анықтайтын, сол сияқты Қазақстан
аймағындағы мониторингпен және ғарыштық ауа райы
болжамымен айналысатын Ионосфера институты қызмет
жасауда.
1991 жылы 12 тамызда академик Ө. Сұлтанғазиннің
бастамасымен республикада ғарыштық мониторингтің
және экологиялық болжаудың әдістері мен технологиясын
жасауға бағыттандырылған Ғарыштық зерттеулер институ-
ты құрылды.
Қазақстанның әлемдегі ғарыш державаларының клубы-
на кіруінің келесі нақты қадамы қазақстандық бірінші
«КазСат» жасанды жер серігін ұшыруы болды.