ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
416
ұшыпбару траекториясынашығарумақсаттарына арналған.
Қазақстан Республикасының ұлттық ғарыш бағдарламасы
бойынша ең үлкен мүдделілікті туғызатын нәрсе – жан-
жақты міндеттерді орындау үшін ұшырылатын ғарыштық
байланыстың жасанды жер серіктері еді.
2005 жылы наурызда құрылған «Қазкосмос» ұлттық
компаниясы белсенді қызмет жасайды. Оның арсеналында
тоғыз ғарыштық жоба бар, соның бірі – ғарыш айлағында
іске асырылатын Ресейдің «Энергия» ғарыштық корпора-
циясымен бірлесе отырып, ғарыш техникасының арнайы
конструкторлық бюросын құру.
Компания Қазақстан Республикасының «Сарышаған»
полигонында командалық-өлшеу кешенін, Жерді алыстан
бақылайтын ұлттық ғарыштық жүйені, ғылыми бағыттағы
ғарыш аппаратын, көп қызметті жеке жасанды жер серігі
байланысының жүйесін құру жөнінде жұмыстар жүргізуде,
сол сияқты авиациялық зымырандық-ғарышкерлік «Есіл»
кешенінің нобайлық жобасын және техника-экономикалық
негіздеуін жасау жөнінде жұмыстар атқарылды.
2006 жылдың басында Қазақстан Республикасындағы
ғарышкерлік қызметті дамытудың 2005–2007 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының тағы бір объектісі
пайдалануға қабылданды. Бұл Астанада орналасқан, «Байқо-
ңыр» ғарыш айлағынан старт алатын ұшырғыш-ракеталар
туралы ұшу ақпаратын беріп тұратын орталық.
Ғарыш саласындағы ғылыми-зерттеулерді іске асыруы
барысында Астрофизикалық зерттеулер орталығында белгілі
нәтижелер алынды. Бұл – ғарыш кеңістігінде радиациялық
мониторингінің халықаралық жүйесін құру, халықаралық
ғарыш стансасының бортында Қазақстан Республикасының
зерттеулері мен тәжірибе жұмыстарын жүргізуге арналған
кешенді бағдарламажобасынжасау,жоғарғыатмосферадағы