Ж
ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН
Қ
АЗАҚСТАН
413
мыран жеткізгіштерді және жылдамдықты үдету блоктарын
жинауға және сынауға арналған 11 монтаждаушы-сынақ
корпустары, 9 старттық кешен (14 ұшырғыш қондырғы),
8 шахталық ұшырғыш қондырғы, ғарыш аппараттарына
жәнежылдамдықты үдету блоктарына отын компоненттерін
және сығымдалған газды құятын 4 құйғышбейтарап-
тандырғышстансалар, 2 аэродром, есептеу орталығы құра-
мындағы өлшеу кешені және 5 өлшеу пункті бар.
Сонымен бірге, Байқоңырдың инфрақұрылымына
360 км жылу тораптары жүйесі, 470 км темір жол, 1200
км астам автомобиль жолдары және 2500 км байланыс
жүйесі кіреді.
Байқоңырда 13 ракета-ғарыш техникасын пайдала-
ну мен сынақ орталықтары құрылып, қызмет жасауда.
Ғарыш айлағын құрған жылдардан бері 2500 ғарыштық
және әскери мақсаттағы зымырандар, 3000-нан астам
ғарыш аппараттары мен жер серіктері ұшырылды,
ғарыштық орбитаға 150-ден астам ресейлік және шетелдік
ғарышкерлер көтерілді.
Қазіргі «Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы айтқанда,
оның бес түрлі зымыран-жеткізгіштерді ұшыруға мүмкіндігі
бар екендігін атағанжөн. Қазіргі кезде жеңіл («Циклон-2»),
орташа («Протон-К») және аса ауыр («Энергия»)
кластарындағы 15 ұшырғыш қондырғысы бар зымыран-
жеткізгіштерден тұратын 9 старттық кешені, зымырандар
мен ғарыш аппараттарын дайындау 34 техникалық кешен
пайдаланылуда.
Қазақстандағы ғарыш қызметінің даму барысын жалпы
сараптай отыра, оны бірнеше кезеңдерге бөлуге болады.
Бірінші кезең 1991–1994 жылдарды қамтиды, ол ашық
ұлттық сипатта болды: екі қазақ ғарышкері ұшты, Қазақ-
станның бірінші ғарыш бағдарламасын іске асыру басталды.